- Advertisement -

«Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарын біріктіру

217

- Advertisement -

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде Президентке партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындылары туралы баяндалды. Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үдерісінде партияның жастар қанаты маңызды миссия атқаратынын айтты.

– «Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сәйкес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев съездің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.
– ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті, – деген партия Төрағасының бірінші орынбасары Президентке стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісіне партияның атсалысуы жайында әңгімеледі. Сондай-ақ партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді.
* * *
Елбасы кеше Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақ-сыновты қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Досхан Жолжақсыновтың отандық кинематография және театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Президент киноиндустрияның маңыздылығын айрықша атап өтіп, оның қазіргі мәдениет саласындағы орнына тоқталды.
Халық әртісі Мемлекет басшысына Қазақстанның кинематография өнеріне ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.
– Сіздің жан-жақты қолдауыңыздың арқасында қазіргі киноиндустрия саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қиындықтарға қарамастан, «Көшпенділер» фильмін түсіріп, халқымыздың тарихын күллі әлемге таныттық. Содан кейін «Жау жүрек мың бала» мен «Алмас қылыш» фильмдері, сондай-ақ менің «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдерім және басқа кинотуындылар түсірілді. Еліміздің бүкіл өңірін аралап, «Құнанбай» фильмін көрсеттік. Біз кино арқылы тарихи оқиғалар мен қазақ халқының мінез-құлқын бейнелеп, жұртшылық санасына рухани жаңғырудың негізгі идеяларын сіңіруге тырыстық, – деді Д.Жолжақсынов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support