- Advertisement -

Марапатталды

99

- Advertisement -

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақовтың өкімімен облыстың ғылым және білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі, білікті мамандар дайындау ісіне қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Мұқатай Немеребайұлы Немеребаев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Үшкемпірұлы Мырхалықов, Жамбыл облыстық прокуратурасы 4-ші басқармасының аға прокуроры Ғани Әлімбекұлы Құрманов, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі Хамит Алуадинұлы Сыдықов, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі Шовкат Сматылаевич Таштамиров, қаржы полициясы органдарындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін және қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Қаратау аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының бастығы Мақсат Романбекұлы Әбілқайыров, облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің арнайы басқармасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Асқат Жанысбекұлы Әшімов, қаржы полициясының полковнигі, ардагері Әбиірбек Байдашев, қаржы полициясының полковнигі, ардагері Темірхан Сырғалбайұлы Естаев, облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Шу аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының аға инспекторы Марлен Бекбергенұлы Күребаев, қаржы полициясының полковнигі, ардагері Ерген Қарамолдаұлы Қалдыбек, облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Мақсұт Ыбырайханұлы Нәлібаев, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің «Шолақтау» жерасты кенішінің бұрғылау-жару жұмысы және шаң-желдету қызметінің бастығы Ақылбай Сейтмұратов, №8 қалалық емхана «Мейірім» медициналық орталық» мекемесінің аймақтық терапевт дәрігері Кулипа Анаровна Исмаилова, «Мейірім» медициналық орталық» мекемесінің терапевт дәрігері Тамара Мирмановна Шамшиева, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Ермекбайқызы Дүтбаева, облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Ранохон Махсудқызы Убайдуллаева Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support