- Advertisement -

Бағдарламаның пайдасы зор

158

- Advertisement -

Электрондық үкімет – бірқатар дамыған елдерде қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болатын кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

2017 жылы Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Қазіргі кезде заманауи цифрлық технологиялар біздің өнімдерді қалай өндіріп, қызметтерді қандай деңгейде көрсетіп жүргенімізді ғана емес, жұмысымыздың сапасы мен азаматтық құқықтарымызды, балалар тәрбиесін айтарлықтай өзгертеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың компьютерлік сауаттылығын көтеру көзделуде.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді сапалы және шектеусіз алуға, елдің өміріне белсене қатысуға, электронды сауда-саттық мүмкіндігін пайдаланып, қызметтер мен тауарларға интернет арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділік пайда болады. Халықтың цифрлық технологиялар арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласына кеңінен және кедергісіз қатынауын қолға алу жоспарда бар. Мамандарды даярлауға және қайта даярлауға, жаңа жұмыс орындарының, еңбек нарығында жұмыспен қамтудың жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етпек.
Бағдарлама экономика салаларының дамуына, бизнес қоғамдастық пен мемлекеттік қызметтердің өзара әрекеттесуіне қажетті уақытты қысқартуға септеседі.

Бекқазы ТУҒАМБАЕВ,
облыс әкімдігінің
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
дамыту бөлімінің бас маманы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support