- Advertisement -

Ерланның өлеңдері оқулыққа енді

207

- Advertisement -

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалі Гран-приінің, Президент кубогының иегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз, белгілі ақын Ерлан Жүністің өлеңдері 6-7 сынып оқушыларына арналған оқулықтарға енді. Бұл, әрине «ақынмын» деп жүрген кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін зор бақ. Нағыз табиғи таланттың табысы екені сөзсіз.
Бұған дейін қарасы қалың оқырмандарына «Жыр перзент», «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Ғаусар», «Үміт жырлары», «Энтелехия», «Арманшыл таңның бұлттары» секілді бірнеше жинағымен танылған ақынның өлеңдері тау бұлағындай мөлдірлігімен, тазалығымен жұртшылықтың жүрегін баурап алатыны ақиқат. Талай әдеби аламандарда қатарынан оза шауып жүрген талантты ақынның шығармашылығына табыс тілейміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support