- Advertisement -

Шулық оқушылар «AQ JOL»-дың жұмысымен танысты

131

- Advertisement -

Кеше Шу ауданы М.Мәметова және Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептерінің үздік оқушылары облыстық «AQ JOL» газетінің редакциясында болып, ғасырға жуық тарихы бар басылымның тыныс-тіршілігімен танысты.

Әуелі оқушылар облыстың ата басылымның бас редакторы Қуат Әуесбайдың қабылдауында болып, баспа ісін жүргізудің қыр-сырына қанықты. Сондай-ақ, жас оқырмандар газеттің шығармашылық ұжымының күнделікті жұмыс тәртібімен де жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бұдан кейін облыстағы бас басылымның редакциясындағы мұражайда оқушылардың назарына көптеген жәдігерлер ұсынылды. Әсіресе, бір кездері газет редакциясында еңбек еткен танымал азаматтардың тұтынған заттары өрендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында оқушылар газеттің бас редакторымен естелік суретке түсті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support