- Advertisement -

Аялдама айнадай әрі ыңғайлы болса…

160

- Advertisement -

Уақыт талабына сай қаламыз күннен-күнге үлкейіп, көркейіп келе жатыр. Жаңадан бой көтерген көп қабатты үйлердің де қатары артуда. Қала көшелеріне жаңа үлгідегі аялдамалар салынғанына да біршама уақыт болды. Бұл, әрине, тұрғындар үшін жасалып жатқан жақсылық.
Дегенмен билік тарапынан жасалған жағдайларға барынша жанымыз ашуы тиіс. Әсіресе, кез келген жерде тазалық сақтап, аялдамаға жанашырлықпен қарағаны жөн шығар. Бірақ қазір кейбір жаңадан салынған аялдамалардың сынған әйнектерін, бүлінген орындықтарын көргенде, көңілің құлазиды. Бұған тек қана тәртіп сақшылары ғана емес, қала тұрғындары да жауапты. Автобус күткенде тұрғындар таза әрі жайлы жерде тұрса қандай жақсы.
Аялдама жайлы сөз қозғаған соң, осы ретте өз ұсынысымды айта кетуді жөн көрдім. Көлік күткен жүргіншілер сол жақтан келе жатқан автобустарды көріп отыру үшін сол жақ беті ашық болғаны дұрыс деп ойлаймын. Басқа жағы жабық болса тіпті жақсы. Түрлі хабарландыруды жапсырған жағы жүргіншілерге ыңғайсыздық туғызады. Сауда дүңгіршегі бар жердегі аялдаманың екі жағы да ашық болғаны қолайлы. Сәулетшілер мен құрылысшылар осыны ескерсе деймін.
Тағы айтарым – көшелерде пошта жәшігінің жоқтығы. Кеңестік кезеңде жазған хатымызды еш қиындықсыз пошта жәшігіне салып, жауабын күтіп отырушы едік. Ал бүгінде ондай мүмкіндік жоқ. Жазған хатыңды пошта бөлімшесіне немесе хат жазған мекемеңе өзің апарып беруің керек. Бұл жағдай көпшілікке ыңғайсыздық туғызуда. Сондықтан алдағы уақытта тұрғындар көп жиналатын орынға және көп қабатты үйлердің арасына пошта жәшігін орнатып, оны уақытында келіп алып кетуді ұйымдастырса екен.

Рахымжан БӨЛЕКБАЕВ,
еңбек ардагері

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support