- Advertisement -

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр

78

- Advertisement -

Бақтияр АЛДАШОВ,
облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз жыл бұрын бір сөзінде «өзгеріс дауылы тұрғанда оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек» деп айтып еді. Расында, әлем үздіксіз өзгерістер үстінде. Ондай өзгерістер өмірімізге біртіндеп емес, бірден батпандап еніп жатыр. Ал Елбасы Жолдаулары осындай жаһандық өзгерістер заманында беткеұстар бағдарымыз болып отыр. Президент биылғы Жолдауында да маңызды мәселелерді көтеріп, негізгі 10 міндетті атап көрсетті.
Жылдың басты құжатында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне, өнеркәсіп саласына, ұлттық экономиканы өркендету жолдарына баса назар аударылған. Өнеркәсіпке, қоршаған ортаға тигізер залалын азайта отырып, өндіріс көлемін ұлғайту, энергия тиімділігін жоғарылату қажеттігін ескертіп, нақты міндет жүктеп отыр. Сондай-ақ тұңғыш рет технологиялық өндіріс деңгейін ұлғайтып, агроөнеркәсіптік өнімдерді экспортқа шығару мәселесі көтерілді.
Экономикамыздың транспорттық жүйесіне зияткерлікті енгізу керек. Өйткені бұл жүк өңдеу уақытын едәуір қысқартып, ауыр жүк тасымалының ғана емес, транзиттің де кірісін ұлғайтады. Ал бұл әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейіне оң ықпал етері сөзсіз.
Қазір Елбасының сөзімен айтсақ, қаржылық секторды «қайта жүктейтін» уақыт келді. Қарапайым ел азаматтарының құқықтарын ескере отырып, бақылау арқылы банк жүйесін сауықтыру көзделіп отыр.
Жолдаудың тағы бір маңызды тұсы – адам капиталының жаңа сапасы. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заманауи және экономикалық қажеттілік талаптарына сай болуы тиіс. Ол үшін мұғалім мамандығының беделін арттыру қажет, өйткені жаңа технологияларды меңгеретін жастардың болашағы алдымен ұстаздардың біліктілігіне байланысты.
Бізді сонымен қатар денсаулық саласында да көптеген өзгерістер күтіп тұр. Жаңа технологиялар қалалық қана емес, ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жайын жақсартып, науқастарды емдеу, сауықтыру шараларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы дамыған 30 елдің қатарына ену үшін қазақстандықтарды цифрлы технологияларды меңгеруге шақырды.
Біз өз кезегінде аталған мәселелерге қолдау білдіріп, Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға жан-жақты атсалысамыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support