- Advertisement -

Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндірді

108

- Advertisement -

Брифингте облыстық әділет департаментінің ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмысының қорытындысы әңгіме болды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев департамент мамандары 47293 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізгенін мәлімдеді. Есептік кезеңде бюджетке түскен алым сомасы 70 756644 теңгені құрайды. Әділет органдарының алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі – «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын, сапасын және жеделдігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін 58 мемлекеттік қызметтің 37-сі электронды түрде ұсынылады. Тиісті кезеңде 57961 қызмет көрсетілсе, оның 17019-ы электрондық форматта. Айта кететін жайт, Әділет органдарының мемлекеттік қызметтерінің негізгі бөлігі (заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу) баламасыз негізде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі. Зияткерлік меншік нысандарын пайдаланатын субъектілерге қатысты үш тексеру жүргізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 158-бабы бойынша 4 әкімшілік өндіріс қозғалған. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 335 495 теңгені құрайтын 204 дана контрафактілік өнімдер алынған. Барлық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер облыс соттарында қаралып, жалпы сомасы 319 929 теңге көлеміндегі айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту және контрафактілік өнімдерді тәркілеу туралы қаулы шығарылған.
«Біріншіден, Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру, дамыған отыз елдің қатарына кіруде дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту үшін Әділет министрлігінің жоспарында көрсетілген кешенді шараларды орындау. Екіншіден, Әділет министрі мен министрлігінің тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, арыз-шағымдарды болдырмау шараларын қабылдап, білікті мамандарды сапалы таңдау және жағымды жұмыс жағдайын қалыптастыру», – деп департамент басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев осы жылға қойып отырған басым міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ, брифингте «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» төрағасының орынбасары, «Бітімгер» құқық және медиация орталығының медиаторы Алексей Мирзоев, «Акар» заңгерлік кеңсесінің жетекшісі Ермахан Қалмахамбетов «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндірді.

Шынар Сағиева,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support