- Advertisement -

Месси «миссиясына» кірісті

72

- Advertisement -

Аргентина құрамасының сұрмергені Месси топтық кезеңдегі үздік ойыншы деп танылды. Ол Босния Герцоговина құрамасына қарсы өткізген матчта 90 минутты жасыл алаңда өткізіп, 62 пас шығарып, қарсылас қақпасына 3 дәл соққы бағыттады. Оның біреуі нәтижелі болды. Ал бірінші таймның 3-минутында орындаған айып добы Cеад Колашинацтің басына тиіп, автоголға айналғаны белгілі.
«P-SPORT» агенттігінің мәліметіне сүйенсек, топтық кезеңдерде мергендігімен танылып, үздік деп танылғандардың арасында франциялық Карим Бензема, швейцариялық Джердан Шакири де бар екен.
Алаңда 90 минут бойы ойнақтаған шабуылшылардың бірі – Бензема. Ол Гондурас құрамасына қарсы ойында франциялықтардың шабуылына екпін беріп отырды. Оның қақпаға бағыттаған 7 дәл соққысының екеуі голға айналды. Ал біреуінде қақпашы Ноэл Валядаресті қателестіргені соншалық, өз қақпасына автогол соғуға мәжбүр болды. Джерданның да 90 минутта командаластарына тигізген көмегі көп. Орталық алаңның ойыншысы Эквадор құрамасымен кездесуде 55 рет пас шығарып, қақпаға 6 рет соққы жасағанымен гол соға алған жоқ. Айтпақшы, Е тобындағы осы матчқа төрелік еткен Ирматов пен Расулов Өзбекстаннан, Кочкоров Қырғызстаннан келген мамандар екенін айта кеткен жөн.

Ардақ Үсейінова,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support