- Advertisement -

Еуропа, құшағыңды аш, біз келеміз!

63

- Advertisement -

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жаңа маусымы басталуға жақын. Алдағы маусымда қазақстандық клубтар қандай қарсыластармен күш сынасады? Сонымен, жеребе таратылды. Қарсыластар мәлім.
Клубтар арасындағы кәрі құрлықтың басты додасы – УЕФА чемпиондар лигасы. Байрақты бәсекеде ел намысын премьер-лига жеңімпаздары «Астана» командасы қорғайды. Қазақстандық клуб екінші іріктеу кезеңінде Латвияның «Спартак» командасымен кездеседі. «Астана» – чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған, өз алаңында азулы «Атлетико», «Бенфика», «Селтик» секілді ұжымдармен терезесі тең ойын көрсеткен клуб. Ал юрмалалық «Спартак» қандай ұжым?
2007 жылы іргесі қаланған «Спартак» екінші лига, бірінші лигаларда жұлдызы жанып, жоғары топқа өткен команда. Өткен маусымда Латвия чемпионы атанды. Екі мәрте Еуропа лигасында бақ сынап, екінші кезеңнен әрі аса алмаған. Түйіп айтсақ, елордалық ұжымға қолайлы қарсылас түсіп отыр. Құрамын жаңа ойыншылармен нығайтып жатқан «Астана» қарсыласынан оңай өтуі керек.
Еуропа лигасында топқа түсетін алматылық «Қайратқа» да мүмкіндік мол. Литваның «Атлантас» командасына қарсы алаңға шығатын қарқыны қатты «Қайрат» жеңіске жетуге тиіс. Ал Шымкенттің «Ордабасы» командасына оңай қарсылас түспеді. Соқыр жеребе көршілерімізді Босния және Герцоговина елінің «Широки Бриег» ұжымымен жұптады. Аталмыш команда алдыңғы маусымдардың бірінде Павлодардың «Ертісін» тоқтатқан болатын. Ендеше, «Ордабасы» бар күшін сарқа жұмсамаса, жеңістің ауылы алыстау. Павлодарлық «Ертіске» де қиын қарсылас тап болып отыр. «Ертіс» Болгарияның «Дунав» командасымен жасыл алаңда кім мықтыны анықтайды. Біз қазақстандық командаларға тек қана жеңіс тілейміз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support