eGov порталы арқылы туған балаларды тіркеушілер қатары артып келеді

68

Елімізде дүниеге келген сәбилерді электрондық үкімет арқылы тіркеу қызметінің танымалдылығы артып келеді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Соңғы бес жылда туған баланы тіркеуге қатысты көрсетілген қызметтер саны өсіп, бала күтіміне қатысты жәрдемақыны тағайындау мен балабақша кезегіне тұруда электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланғандардың саны айтарлықтай артқан. 2012 жылы бұл көрсеткіш 8 мыңға жуық болса, 2016 жылы бұл қызмет 430 мың мәрте көрсетілген екен. Ал 2017 жылдың бес айында аталған қызметтердің көмегіне 106 мыңнан астам жүгінген.

Сонымен қатар, электрондық үкіметте жаңа туған балаға қатысты композиттік қызмет қолжетімді. Аталған қызметке сәйкес онлайн түрде баланың тууын тіркеуге өтініш беру, балаға ЖСН тағайындау, баланың тууына қатысты біржолғы жәрдемақыны алу, баланы балабақша кезегіне қоюға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп проактивті қызметтерді дамыту жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр.

Comments are closed.