- Advertisement -

«Тараз» «Тобылдан» басым түсті

114

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 14-туры аясында Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын қабылдаған жерлестеріміз «Тараз» футбол клубының ойыншылары сапалы ойын үлгісін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты.
Қос команда ойыншылары да алаңға тек жеңіс үшін шыққаны даусыз. Алма-кезек шабуылдармен өрбіген кездесудің алғашқы кезеңінде екі ұжымның футболшылары да мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты. Дегенмен, «Тараз» ойыншылары негізінен басымдықты қолда ұстады. Кездесудің екінші кезеңінде де жамбылдық футболшылардың аяқ алысы көңілге сенім отын ұялатты. Қос қаптал арқылы ұйымдастырылған шабуылдары да өткір шықты. Алаң ортасында да жерлестеріміз балансты сақтай білді. Қорғаныстағы ойыншыларымыз да ширақ көрінді.
Иә, ойында голдан басқаның бәрі бар. Тек ойын тағдырын шешетін, қоржынымызға үш ұпай салатын жалғыз гол жетпей тұрды. Тіпті, кездесу тең аяқталар ма екен деген де ойға қалған едік. Қуанышымызға орай толассыз шабуылдар өз нәтижесін берді. Ойынның 81-минутында әуедегі допқа бірінші жеткен Тимур Байжанов мергендігімен көзге түсіп, жанкүйерлерді желпінтіп тастады. 1:0 есебі ойын аяқталғанша өзгерген жоқ. Тимур Байжановтың жалғыз голының арқасында жеңіс тойын тойлаған жерлестеріміз әлі де болса қауіпті аймақтан құтылды дей алмаймыз. Ендеше, «Тараздың» жеңісі жалғаса берсін деп тілейміз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support