- Advertisement -

Фируза Шарипова қарсыласын қапы қалдырды

95

- Advertisement -

Кәсіпқой бокстағы тұңғыш қазақстандық ару Фируза Шарипова бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен кезекті бокс кешінде жартылай жеңіл салмақта сынға түсіп, ресейлік Ольга Забавинамен қолғап түйістірген жамбылдық боксшы қыз қарсыласынан шеберлігі анағұрлым басым екенін байқатты. Бұл күні Фируза ерекше бокс үлгісін көрсетті.
Бірінші үш минуттықта қарсыласының қарымын байқап көрген Фируза Шарипова екінші раундтан бастап өз басымдылығын үстемелей түсті. Ал жекпе-жектің үшінші кезеңінде Забавинаны сериялық соққыларымен тықсыртқан қазақстандық боксшының қарқынына ресейлік боксшы шыдас бермеді. Нәтижесінде Забавина нокдаунға түсті. Осылайша жерлесіміз кәсіпқой рингтегі тағы бір жарқын жеңісімен жанкүйерлерін қуантып тастады. Кәсіпқой боксшы ретінде биік белестерді бағындыруды көксеп отырған Фируза Шарипова алдағы уақытта Қазақстанда әлем чемпионы атағы үшін шайқас өткізуі мүмкін. Бұл мәселе қазіргі таңда қызу талқыланып жатыр. Мамандардың айтуынша, әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізілген жағдайда Фируза бүкіләлемдік бокс кеңесінің белбеуіне таласатын көрінеді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support