- Advertisement -

Жизақ пен Жамбыл достығы

70

- Advertisement -

Алдағы уақытта іргелес жатқан өзбек ағайындармен бауырластық, достық қарым-қатынас күшейіп, сауда-саттық, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында да тығыз байланыс орнайтын болады. Осы мақсатта Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының әкімі Ұлықбек Юлдашев бастаған, құрамында бірқатар кәсіпкерлер бар топ арнайы іссапармен өңірімізге келді. Оларды ел шекарасынан облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов бастаған жамбылдықтар күтіп алды.
Делегация атбасын бұрған алғашқы нысан – Индустрия-ландыру картасына енген ірі жоба – «BurnoyeSolar-1» арнайы экономикалық аумағы болды. Бұдан кейін, делегация мүшелері Жамбыл ауданындағы «Айша бибі» мазарында болып,ортағасырлық көне кесененің сәулеттік ерекшеліктерімен, тарихымен танысып, Айша бибі мен Бабаәжі ана рухтарына тағзым етті.
Өзбек бауырлардың іссапары Тараз қаласындағы «Арай плаза» кешенінде екі тарап кәсіпкерлерінің кездесуіне ұласты. Аталмыш нысанда қонақтарды облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қарсы алды. Делегация өкілдері «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Тәуелсіз Қазақстан» монументтеріне, «Тараз-Арена» спорт кешеніне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде де болды.
Бұл кездесу бүгін де жалғасып, нәтижесінде айрықша маңызға ие бірқатар меморандумдарға қол қойылатын болады. Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support