- Advertisement -

Тараз қаласы – Алып құрылыстар алаңына айналады

135

- Advertisement -

Шын мәнінде де шаһарымыз соңғы жылдарда алып құрылыстар алаңына айналды деуге толық негіз бар. Басқаны былай қойғанда, екі бірдей шағын аудан тұрғызылды. Бұл бірнеше ондаған көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, мыңдаған тұрғындарға қуаныш сыйлаған қоныс тойлары деген сөз. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында қыруар шаруа жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, биыл тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен (Ұлттық қордан) 1 412,972 миллион, облыстық бюджеттен 335,762 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл қаржы «Арай» тұрғын алқабының 14 гектар жер теліміндегі – екі, «Қарасу» шағын ауданындағы 1, Сүлейменов көшесінің жаңа тұрғынжай алқабындағы 14 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына жұмсалмақ. Аталған тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары, мемлекеттік сараптамалары дайындалған.
Осы орайда несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 1 371,028 миллион теңге қаражат бөлінгенін де айта кету ләзім. Бұл қаражатқа «Арай» тұрғын алқабының 14 гектарлық жер теліміндегі тұрғынжай кешенінде бірқатар жаңа үйлер бой көтеретін болады. Бүгінде олардың құрылыс жұмыстарын «Бином», «Агроспецстрой», «Талас Құрылыс», «Таразстрой – 2004», «Жамбылхимстройинженеринг», «Аль Аркаржан» серіктестіктері секілді мердігерлік ұйымдар жүргізіп жатыр.
Инженерлік инфрақұ-рылымдарды дамытуға байланысты республикалық бюджеттен 4 038,223 миллион теңге, облыстық бюджеттен 453,913 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл ретте Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғынжай алқабының магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілерінің құрылысын, кәріз, сыртқы және жылу желілерін салу, басқа да жұмыстар жүргізу қарастырылған. «Автобекет» маңындағы 14-шағын ауданында да осындай жұмыстар жүзеге асырылу үстінде. «Құмшағал» алқабында сервистік су құбырлары желісінің құрылысы қолға алынды.
«Бәйтерек» шағын ауданындағы сорғы стансаларын, сусіңгіш желілерін қайта құру, бірқатар телімдеріндегі ішкікварталдық жолдарды, аяқжолдарды, аялдамаларды, арық желілерін салу және абаттандыру нысандары құрылыстарын құрастыру, басқа да жұмыстарға қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді.
Тағы бір атап өтерлік жай, қазіргі уақытта «Салтанат» шағын ауданында – 1000, «Бәйтерек» шағын ауданында – 1200, «Шөлдала» алқабында 900 орындық мектептер ғимараттары салыну үстінде. Қаладағы №24 гимназияның 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Барысхан» алқабындағы 600 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Аталған білім нысандарын салуға республикалық бюджеттен 1 608,063 миллион, облыстық бюджеттен 259,103 миллион теңге қаражат бөлінген.

Марат НҰРЖАНОВ,
Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support