- Advertisement -

Ел дзюдошылары үмітті ақтады

111

- Advertisement -

Отгонцэцэг Галбадрах пен Гусман Қырғызбаев Анталиядан алтынмен оралды

Дзюдодан бәсі биік жарыстардың қатарына жататын Анталиядағы «Grand Prix» сынында ел қоржынына екі бірдей алтын жүлде түсті. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах ақтық сында Израиль спортшысы Ришони Шируды жеңіп, дода жеңімпазы атанса, 60 келі салмақта өнер көрсететін Гусман Қырғызбаев та сенім үдесінен шығып, айтулы аламанда топ жарды.
Бұл жарыста ауыр салмақтағы алыбымыз Максим Раков та жақсы нәтиже көрсетті. Ақтық сында ресейлік спортшыға жол берген ол күміс жүлдеге қол жеткізсе, қыздар сынында да бір күміс медаль қоржынымызға түсті. Ол – 63 келі салмақтағы Мариана Ордабаеваның еншісінде. Осылайша ел дзюдошылары дүбірлі додадан үлкен олжамен оралды.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support