- Advertisement -

ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

5 402

- Advertisement -

«Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлы атамыздың ұлағатты сөзі бар. Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.
Сотталған азаматтардың ендігі алар тәрбиесі мен тәртібі тиісті мекеме қызметкерлерінің мойнында. Сондықтан оларды болашақта қоғамға қауіпсіз азамат, қолынан іс келетін адам етіп шығару – біздің алға қойған мақсатымыз. Ал мемлекетіміздің басты байлығы адам және оның құқығы мен бостандығы, қоғам үшін әрбір адамның алар орны ерекше екендігі біздің тәрбие берудегі айқын бағытымыз.
Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік бере отырып, негізгі міндеттері мен құқықтары толықтай заң талаптарына сәйкес қамтылған. Мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес, сотталған азаматтарды пайдалы еңбекпен айналысуға бейімдеп, олардың түзелуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген мекеме қызметкерлерінің еңбектері елеулі.
Келешекте әрбір сотталған азаматтың өмірден өзіндік орнын тауып, белгілі бір маман иесі болуына да мекемеде жағдай жасалған. Мекеме жанындағы №15 кәсіптік колледжінде оқимын деген сотталған азаматтарға көмек көрсетілуде. Аталған білім ошағында азаматтарға түрлі бағытта білім беріледі. Солардың қатарында дәнекерлеуші, темір, ағаш ұстасы сынды мамандықтар да бар. Аталған мамандыққа машықтанғандардың қолынан бүгінде көп сұранысқа ие ағаш астаулар, домбыра, сандық, әшекей бұйым салғыштары, кәуап пісіруге арналған мангал сынды көптеген бұйымдар шығуда. Осылайша, темір тордың арғы жағында отырып-ақ өз бизнесін ашып, кәсіпкерлігін бастап жатқан жандар бар.
Осылайша, ЖД 158/4 мекемесінде сотталған азаматтардың түзелуіне барынша мол мүмкіндік жасалып, түрлі іс-шаралар қолға алынуда.

Мақсат Баетов,
облыс бойынша ҚАЖД мекемесінің
қызметкері, әділет аға лейтенанты.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support