- Advertisement -

Жамбылда 26 наурыз күні мәслихат сайлауы өтеді

82

- Advertisement -

Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны туралы брифинг өтті. Аталмыш жиынға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева және сайлау комиссиясының хатшысы Талғат Жамалов қатысты.

Брифинг барысында комиссия төрағасы Махметғали Нұрғалиұлы облыстың Жамбыл, Жуалы, Талас аудандары мен Тараз қаласының мәслихаттарының құрамынан 1 депутаттан босап қалғанын, яғни, облыс бойынша 4 вакансия бар екенін айтып өтті. Сондай-ақ бос вакансиялар туралы мәліметті негізгі депутаттардың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты болып отырғанымен түсіндірді.   Ағымдағы жылғы 1 және 24 ақпан аралығында бос тұрған округтарға мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну шаралары өткен болатын. Ұсынылған кандидаттарды тіркеу жұмыстары 28 ақпан күні аяқталды. Бүгінгі күнге облыс бойынша 14 кандидат ұсынылған болса, олардың екеуі өз өтініштері негізінде кандидаттықтан бас тартқан. Осыған байланысты ұсынылған 12 кандидаттың барлығы тіркеуден өтті. Барлық кандидаттарға тиісті мәслихат депутаттығына кандидат деген куәліктер тапсырылған және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Ал наурыз айының алғашқы күнінен бастап сайлау алдындағы үгіт шаралары басталды. Енді бұл науқан 24 наурыз күні сағат 24.00-де аяқталатын болады.   – Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 ақпан және 16 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ұйымдастырылған электораттық оқыту жөніндегі Вебинарлар өткізілді. Онда барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары мен тиісті облыстық басқарма басшылары қамтылды, – деді брифингте Махметғали Сарыбеков. Енді екі күннен соң, яғни 26 наурыз күні Жамбыл облысында мәслихат сайлауы өтеді.

ақпарат көзі: Egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support