- Advertisement -

«Канелоны» екі жыл күтіп, жалықтым — Головкин

77

- Advertisement -

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуді күтемін деп жалыққанын айтады.

Бастапқыда мәселе салмақ айырмашылығына қатысты болатын, «Канело» 160 фунт салмақта жұдырықтасқысы келмеді. Ендігі мәселе гонорарға қатысты болып отыр. Головкиннің командасы былтырғы көрсеткіштерін қайталығысы келмейді. 2016 жылы олар ұзақ келіссөз салдарынан жылына екі ғана жекпе-жек өткізген. Сонымен қатар, жасы 35-ке келген Головкин уақыттың өз пайдасына жұмыс істеп жатпағанын түсінеді.

«Канелоға» деген қызығушылық азайып кетті. Менің тәжірибем жетерлік, олар болса бос сөйлеуден шаршамады. «Канело» өзінің мықты екенін айтудан таймайды… Жарайды, солай делік, онда менімен жұдырықтасудан неге қашады? Мен дайынмын, кез келген қарсыласқа», — дейді Головкин.

«Канело» мен дайынмын, ертең қоңырау шаламын дейді. Екі жыл күттім. Бұл тым ұзақ уақыт, сондықтан қызықсыз болып қалды», — деп аяқтады сөзін GGG.

Еске салайық, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF атақтарына ие қазақстандық боксшы 19 наурызда Дэниэл Джейкобспен өткізген жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. «Канело» 6 мамырда өзге мексикалық Хулио Сезаром Чавеспен жұдырықтасады.

ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support