- Advertisement -

Үш шақырымға жүгіре алмадық

97

- Advertisement -

Конькимен құстай жүйткіген спортшыларымыздан үлкен үміт күтіп отырғанымыз анық. Солардың бірі 3000 метр қашықтықта жарыс жолына шыққан Татьяна Климчук болатын.
Климчук дода барысында жақсы қырынан көрінді. Ә дегеннен алдыға тұра ұмтылған қазақстандық спортшы мәре сызығын алғашқы үштіктің қатарында аяқтайды деп ойлаған едік. Алайда, Климчук уақыт өте келе жүрісінен жаңыла түскендей болды. Қарсыластар адымдап алдыға ұзай түсті. Ал, Таня оларды қуып жетуге қанша талпынғанымен, қарсыластары мықты екен. Нәтижесінде қазақстандық спортшы бар болғаны бесінші орынға орнықты.
Бұл қашықтықта беларусьтық спортшы Марина Зуеваға ешкім тең келмеді. Ол қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, алтын жүлдені мойнына ілсе, күміс медальді жапон қызы Нана Таканаши иеленді. Ал қола жүлде ресейлік Елена Сохрякованың қанжығасында кетті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support