- Advertisement -

Еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жұмылайық

108

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында облыстық идеологиялық актив жиналысы өтіп, онда облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев баяндама жасады. Онда өңірде атқарылатын нақты істер мен басым бағыттар атап көрсетілді.                                                  IMG_0787

Құрметті активке қатысушылар!
Қадірменді әріптестер!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел болашағын айқындайтын жаңа Жолдауын жариялады.
Президентіміздің әрбір Жолдауы – аса ірі тарихи оқиға. Еліміз үшін өте маңызды. Қазақстан қоғамы жылдың басты құжатын әрқашан тағатсыздана күтеді. Биылғы Жолдауда да өткен кезеңнің қорытындысы шығарылып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды.
Елбасы айтқандай, ел Тәуелсіздігінің 25 жылында екі жаңғыру кезеңінен өттік. Ендігі күн тәртібінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жөнінде міндет тұр. Мақсаты – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.
Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық ауқымды жоспары әзірленетін болады.
Халықтың тұрмысына «Цифрлық Қазақстан», IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялар қолданысқа енгізілмек. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға байланысты Үкіметте арнайы жиын болып өтіп, тиісті тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен жарияланған халыққа Жолдауы біздің еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып отыр. Бұл стратегиялық құжатта елдің жаңа кезеңде одан әрі дамуы нақтыланып көрсетілген. Президент Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бірегей міндеттерін алға қойып отыр. Ол қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін берік экономикалық база жасауға тиіс.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы бес негізгі басымдықты айқындап берді.
Бірінші басымдық – бұл экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету;
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;
Үшінші басымдық – макро-экономикалық тұрақтылық;
Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту;
Бесінші басымдық – инсти-туционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Стратегиялық құжатты іс жүзіне асыруға біз бүгіннен бастап кірісуге тиіспіз. Өңірімізде жаңа Жолдаудың нақты іске асырылуына алдын ала жасалған негіздер мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты Жолдау аясында алдымызға орта мерзімге бағдарланған бірқатар тапсырмаларды айқындап алуға тиіспіз. Олар әрбір құрылымдық бөлімшелер алдына қойылған міндеттер бойынша нақты іс-әрекет жоспарларында кеңінен көрініс табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл міндеттерді экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету жолымен шеше аламыз. Бұл үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жаңа цифрлық технологияларды енгізу, жаңа индустрияны өркендету қажет болады. Осы бағытта облыста барлық жағдай жасалған. Жекелей алғанда, өркендету «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Бұл жерде 16 химия кәсіпорнының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні бірінші кезекте ішкі және сыртқы инфрақұрылым құрылысы аяқталуда, 6 жобаны жүзеге асыру бойынша 5 АЕА қатысушысы тіркелген. Осындай жұмыс «Қазфосфатта», «ЕвроХим» және «ТаласИнвест» компанияларында жүргізілуде. Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы отандық ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе инновациялық технологияларды қолданушы жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетуі қажет.
Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына, білім және денсаулық сақтау мекемелеріне цифрлық сервистер енгізу қажет. Бұдан басқа Мемлекет басшысы басымдыққа ие салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістің дамуына арқа сүйей отырып, индустрияландыруды жалғастыру міндетін алға қойып отыр және 2025 жылы шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге ұлғайтылуы тиіс.
Облыста Индустрияландыру картасы бойынша жалпы сомасы 513 миллиард теңгені құрайтын, 5477 жаңа жұмыс орындарының ашылуы қарастырылатын 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы 15 миллиард теңгеге 1340 тұрақты жұмыс орны құрылатын 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жүзеге асырылатын жобалардың ішіндегі экспортқа бағытталған екі жобаны атап өткім келеді. Бұлар – «BioVet KZ» ЖШС-ның ветеринарлық құралдар өндірісі бойынша биокомбинатының құрылысы» және «ЕрТай» ЖШС-ның өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін өңдейтін флотационды-гравитациялық Ақсүйек кен байыту фабрикасын қайта жаңғырту» жобалары.
Өңірімізде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мен бәсекеге қабілетті жергілікті тауар өндірушілер санын арттыру мақсатында бүгінде 196 миллион АҚШ долларын құрайтын экспорт көлемін 1,5 есе арттыру қажет. Қазіргі таңда облыста Индустрияландыру картасы бойынша шетел инвесторлары қатысуымен жалпы сомасы 397,6 миллион АҚШ долларын құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Осымен бірге өңірімізде шетелдіктер қатысуымен жалпы сомасы 3,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі мейлінше ірі жобалар:
– «ЕвроХим» минералдық-химиялық компаниясының (Ресей) 2,4 миллиард доллар тұратын минералдық тыңайтқыштар өндіру зауытының құрылысы жобасы;
– Ет өңдеу кешенін құру бойынша құны 13,8 миллион доллар «ADEAS Development» (БАЭ) жобасы;
– Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы бойынша құны 17 миллион доллар «KCRF tinans international B.V.» (Голландия) жобасы.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында еліміздің экономикасындағы жеке меншік және шетелдік инвестициялардың үлесін ұлғайту мақсатында 2020 жылы шетелдік инвестиция үлесін 32-ден 38 пайызға ұлғайту қажет.
Бұл үшін орынбасарларым Б.Орынбеков, А.Нұралиев, Т.Жанке, сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудандар әкімдері инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеуі және оларға қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Сондай-ақ, бізге шетелдік инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жоспарланған барлық жобаларды әсіресе, «Қазфосфат» ЖШС-ның минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауытын жаңғырту жобасын іс жүзіне асыруымыз керек. Осыған байланысты кәсіпкерлік және индустриалды дамыту басқармасына инвестициялық жобаларға олардың қазіргі жағдайдағы экономикалық тиімділігін ескере отырып ревизия және сараптама жасауды және Үшінші жаңғыртудың жаңа міндеттерін жүзеге асыруды тапсырамын.

Құрметті әріптестер!

Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән берілген.
Бұл ретте, аграрлық экспорттық өнім көлемін, әсіресе, ұлттық бренд болатын экологиялық таза тағамдар өнімін арттыру міндеті жүктеліп отыр.
Жамбылдық кәсіпорындар да осы бағытты ұстануы керек. Біздің облыс – аграрлы өңір. Облыстың 100-ден астам кәсіпорны экспортқа өнім шығарады.
Мысалы, облыс бойынша өткен жылы 25 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 4,0 мың тонна майлы дақылдар, 330 мың тонна көкөніс, 90 мың тонна бақша өнімдері, 6 мың тонна картоп, сондай-ақ 509 тонна ет басқа мемлекеттерге шығарылды.
Өңірде «Халал» стандарты бойынша жылына 1800 тонна ет өнімдерін өндіруге бағытталған кешен «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «ADEAS Development» компаниясы қатысуымен жүзеге асырылды. Бұл кәсіпорынның жұмысын жолға қою керек.
Алдағы уақытта осы кешен арқылы облыста толық циклдағы ет кластерін қалыптастыру қамтамасыз етіліп, ет өнімдерін экспорттау бірнеше есеге артатын болады.
Осындай кәсіпорындардың қатарын кеңейтіп, сапалы өнім шығарсақ қана халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз.
Өткен жылы Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 14 миллиард теңге субсидия бөлінді, бұл көрсеткіш 2015 жылғы бөлінген қаржыдан 2 есеге артық.
2016 жылы барлық егістік алқаптың үштен бірі сақтандырылған. Дегенмен, бұл көрсеткіш қажетті деңгейден төмен екенін ескерсек, бұл жағдай өңірдегі шаруашылықтардың ұсақтығымен, сақтандыру шараларының және сақтандыру төлемақыларын алу талаптары мен үдерістерінің күрделілігімен түсіндіріледі.
Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдерін – тиісті құзырлы органдарға субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру барысында ұсыныстар беруді және биылғы жылы міндетті сақтандыру көлемін 70-75 пайызға жеткізуді тапсырамын.
Облыста Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты мамандарын тарта отырып, ауыл кооперативін құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыста ет, сүт өнімдерін өндіру, егіншілік саласы бағыттарында жұмыс істеп тұрған 50 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды.
Бұл ретте, экономика және бюджеттік жоспарлау мен ауыл шаруашылығы басқармалары осы жұмыстарды ары қарай жалғастыруға қажетті қаражат көлемдерін нақтылап, ұсыныс беруді, Ауыл шаруашылығы министрлігінен құрылатын кооператив және оған тартылатын үй шаруашылықтары мен фермерлер жоспарын анықтап, жұмыстарды жүргізуді тапсырамын.
2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындары мен цехтардың тамақ өндірісі көлемі 99 миллиард теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 79 пайызға артты. Одан бөлек 113 мың тонна ет, 295 мың тонна сүт және өсімдік шаруашылығында 2 миллион тоннадан астам өнім өндірілді. Облыс бойынша сыйымдылығы 105 мың тоннадан астам 88 қойма жұмыс істеуде. Әрине, бұл жеткіліксіз.
Осыған байланысты қажеттілікке қарай азық-түлік өнімдерін сақтау қоймаларын салуды, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу цехтарын ашуды, облыста көтерме-тарату орталығын құру жұмыстары жүргізілу керек.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру, қазіргі заманғы технологиялар бойынша жұмыс істейтін жаңа ірі өндірістерді салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске қосу сияқты маңызды істер атқарылуда.
Озық технологияларды өндіріске енгізіп, суармалы суды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы нөлдік және минималды технологиялар 26 мың гектарға енгізілді. Сонымен қатар, өткен жылы су үнемдеу технологияларының енгізу көлемі 12 мың гектарға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты (2015 жылы 8,1 мың гектар). 2017 жылы бұл көрсеткішті 15,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Үстіміздегі жылы ылғал үнемдеу технологиясы 27 мың гектарға, су үнемдеу технологиясы 15 мың гектар алқапқа жеткізілмек.
Бұдан бөлек, облыста инновациялық технологияларды енгізіп, суармалы жерлердің көлемін 240 мың гектарға жеткізуіміз қажет.
Осы мәселені шешу үшін жалпы көлемі 99 миллион текше метр, құны 12,5 миллиард теңгені құрайтын жаңа 4 шағын су қоймаларының құрылысын жүргізу көзделуде.
Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге облыстық бюджеттен 219,0 миллион теңге бөлу қарастырылуда.
Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы облыстағы 62,1 мың гектар суармалы жерлерді қамтитын ирригациялық жүйелерін қалпына келтіруге облысқа 39,2 миллиард теңге бөлу көзделген.
Осы мақсатта облыстың коммуналдық меншіктегі 172 су жүйелері республикалық меншікке өткізілді. Бұл каналдардың бекітілген суармалы жер көлемдері 30,6 мың гектарды құрайды.
Қалған жалпы бекітілген суармалы жер көлемдері 31,5 мың гектарды құрайтын коммуналдық, жеке меншік және иесіз су шаруашылығы нысандары бекітілген іс-шараға сәйкес 2017 жылы екінші кезекте өткізіледі.
Осыған байланысты барлық аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасы салада озық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді кеңінен пайдалануды, ауыл шаруашылығы жұмыстарын автоматтандыруға қажетті шараларды ұйымдастыруы қажет.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 4,4 миллион гектардан астам алқапты құраса, оның ішінде егістік жер – 761,0 мың гектар, суармалы жер көлемі – 171 мың гектарды құрайды.
Өткен жылы облыстың коммуналдық меншігіндегі 18 су шаруашылығы нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 206,2 миллион теңге бөлінді.
Өздеріңізге мәлім, біздің облыс су ресурстарының 80 пайызын көрші Қырғыз елінен алады.
Сондықтан, табиғи ресурстар, жер қатынастары, жердің қорғалуын бақылау мен ауыл шаруашылық басқармаларына, аудан әкімдеріне суармалы егіс алқаптарын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтуді, ол жөнінде тиісті іс-шара жоспарын бекітуді, өсімдік саласында озық технологияларды кеңінен енгізу жұмыстарын жалғастыруды, игерілмей жатқан жерлерді, оның ішінде суармалы жерлерді қайта айналымға қосуды тапсырамын.
Міне, осы айтылған міндеттер мен мақсаттарды орындай отырып, біздер 2025 жылға облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлеміндегі ауыл шаруашылығы үлесін 12 пайыздан 25 пайызға ұлғайта аламыз.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында құрылыс саласын дамыту мен өндірісті шоғырландыру үдерісіне де назар аударды.
Урбанизациялауды тұрғын үй және көлік инфрақұрылымдарын қолжетімді ету мәселесі шешілмей, жүзеге асыру мүмкін емес.
Қалалы жерде артып отырған тұрғын үйге сұранысты қанағаттандыру үшін осы жылдан бастап «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Аталған бағдарлама аясында ипотекалық несиелендіру және 7 пайызға дейінгі субсидияландыру жолымен құрылыстарды тұрақтандыруға қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.
Сатып алу құқынсыз жалға беру қорын құруға әлеуметтік аз қорғалған санаттағы тұрғындар үшін 1,5 миллиард теңге бөлінеді. Осы жылы үй құрылысы комбинаты технологиялары бойынша бірегей сәулеттік үлгідегі жеке тұрғын үйлер құрылысы жөніндегі қанатқақты жоба мәреден шығатын болады. Облыста, негізінен Тараз қаласындағы 14 және 15-шағын аудандарында жалпы алаңы 110 мың шаршы метр көппәтерлі 22 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биыл аталған тұрғын алқаптары қажетті инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Өткен жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 10,2 миллиард теңгеге 25 жоба жүзеге асырылды. 11 жоба іске қосылды. 1180 уақытша жұмыс орны құрылды. Оның 5-і білім нысаны, 3-і жылумен қамту жүйесі құрылысы және жаңғыртылуы, 3-і инфрақұрылымдарды инженерлік-коммуникациялық дамыту бойынша жүзеге асырылды.
Биылғы жылы аталған бағдарлама шеңберінде 4,2 миллиард теңгеге (оның ішінде 280,3 миллион теңге несие ҚР Ұлттық қорынан бөлінген) 12 жоба жүзеге асырылмақ.
Өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Тараз қаласы мен аудандар әкімдеріне, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармаларына жер учаскелерін беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді, жеке тұрғын үй құрылысын бас жоспарға сәйкес бірыңғай архитектуралық үлгіде, соның ішінде үй салу комбинаттарының технологиясы бойынша салуды тапсырамын.
Жолдауда айқын көрсетілген кешенді міндеттің бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек нарығын толықтай жаңғырту.
Бүгінде облыста жұмыспен қамту және жұмыстан босап қалғандарды қайта даярлау арқылы басқа салаға жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай туғызу үшін қажетті шаралар қабылданған. Осы мақсатта 2017 жылға арналған жұмыспен қамтудың кешенді жоспары құрылған, жоспарда 25 мың адамды қамту көзделген. Оның 770-іне техникалық білім беріп, кәсіптік қайта даярлаудан өткізу жоспарланса, 4349-ы қысқа мерзімдік курстарға жіберіледі.
Осыған орай, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері кешенді жоспар шеңберінде жұмысынан босап қалғандарды жұмысшы күшіне сұранысы бар басқа салаға бағыттау үшін кәсіптік қайта даярлауға кірісіп, бос жұмыс орындары туралы мәліметтері автоматты түрде жаңарып отыратын «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін құруы керек. Тараз қалалық және аудандардағы «Жұмыспен қамту» орталықтарының жұмыс жүйесін қайта құру қажет.
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
Мемлекет басшысы өзінің мәлімдемесінде бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту қажет екенін атап көрсетті.
Президент елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бүгін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске қосылды. Енді ауылда және қалада тұратын облыс тұрғындары өз істерін ашуға 16 миллион несие ала алады. Аталған бағдарлама аясында 2017 жылы жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгені құрайтын шағын несие 884 адамға берілді. Қосымша 500-ге жуық жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әрбір өңір нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік пен отбасылық кәсіпті дамытудың кешенді шараларын ұсынуы тиіс. Осыған орай, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы басқармаларына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік пен отбасылық кәсіпті дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдаудың қолданылып жүрген шарасының бірі – шағын кәсіпкерлік нысандарына несие беру. 2016 жылы екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік нысандарына 17,6 миллиард теңге несие берді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қызығушылақ танытқан мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шағын бизнес өкілдерін «Даму» қоры арқылы қосымша несиелендіру жолдарын қарастыруды тапсырамын. Ол үшін «Даму» қоры шоғырландыру негізде тиісті қаражат бөлуі тиіс.
Біздің облыста бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған 57 мың шағын кәсіпкерлік нысаны бар, олар 118,1 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері 766 кәсіпкерге жалпы сомасы 79,8 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. 2016 жылы 219 кәсіпкерге 27,5 миллиард теңге қаржы берілді. Аталған бағдарлама бойынша 2017 жылға 153,7 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, өнеркәсіптік инфрақұрылымдарды жүргізуге республикалық бюджеттен 725,4 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде.
Соның нәтижесінде кәсіпорында 12,0 мыңнан астам жұмыс орны сақталған және 1,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.
Бағдарламаның қатысушылары бюджет кірісіне 11,0 миллиард теңгеден астам салық төлемдерін аударды.
Елбасымыз атап өткендей, бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Бұл ең алдымен, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру салалары және тағы басқаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметті кәсіпкерлерге беру мәселесіне қатысты.
Бүгінгі күні осы бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылуда. Оның аясында 6 жобаны іске асыру жоспарланған.
Осы мақсатта бюджеттен 46 миллион теңге бөлінді, оның 2 миллион теңгесі 2016 жылы игерілді.
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы 6 жоба бойынша тұжырымдама әзірлеуде. Жұмыстың аяқталуы осы жылға жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда шағын және орта бизнес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мектепке дейінгі мекемелер желісін дамытуға белсенді атсалысады. Егер 2010 жылы облыста 2 жекеменшік балабақша ғана бар болса, бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ашылған 67 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 65-сі балабақша, екеуі шағын орталық.
Тараз қаласы және аудандардың білім бөлімдеріне 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік негізінде ашылған мектепке дейінгі мекемелер желісін әрі қарай дамыту үшін осы бағытта жұмысты жалғастыра беруді тапсырамын.
Сондай-ақ, 2015 жылдан бері облыста медицина мекемелерін сенімгерлік басқаруға беру жобасы жүзеге асырылуда. 2015 жылы сенімгерлік басқаруға 1 нысан, былтыр 6 нысан берілсе, ал биыл 5 нысанды беру жоспарлануда. Мысалы, «Жаншуақ» медициналық орталығына Тараз қалалық №6 емхана сенімгерлік басқаруға беріліп, аталған орталық емханаға жалпы сомасы 61 миллион теңге инвестиция салды.
Сондықтан, орынбасарым Е.Манжуовқа және денсаулық сақтау, қаржы басқармаларына емдеу мекемелерін сенімгерлік басқаруға беру тәжірибесін жалғастыруды тапсырамын.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жұмыстары спорт, мәдениет, құрылыс, ауыл шаруашылығы және коммуналдық тұрғын үй шаруашылық салаларында баяу жүруде. Сол үшін осы салалық басқармалардың басшыларына Тараз қаласы және аудан әкімдеріне осы бағытта жұмысты жандандыруды, сонымен қатар 1 сәуірге дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жобасын іске асыру жоспарларын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына белгіленген тәртіппен ұсынуды тапсырамын.
Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында 12 коммуналдық меншіктегі ұйым бәсекелес ортаға берілуі тиіс. Оның ішінде Мемлекет басшысының жекешелендіруді жеделдету тапсырмасын орындау үшін 5 ұйымды жекешелендіру 2020 жылдан 2018 жылға ауыстырылды. Жоспарланып отырған ведомстволық бағыныстағы 15 ұйымда түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Мүлікті жариялау кезеңінде жалпы сомасы 47,6 миллиард теңгені құрайтын 10 мың жылжымайтын мүлік заңдастырылды. Бұл республика бойынша бесінші көрсеткіш.
Осының нәтижесінде жыл сайын бюджетке қосымша 24,0 миллион теңге түсім түседі деп күтілуде.
Жалпы сомасы 17,6 миллиард теңге қаржы жария етілді, ол жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық айналымға тартылған.
Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.
Бұл орайда бюджеттік шығын тиімділігін түбегейлі жоғарылату маңызды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, тиімсіз бағдарламаларға бағытталған қаражатты Үшінші жаңғыртуды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бағыттау керек.
Мұнан өзге, қаражат нақты экономикаға тезірек жетуі үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету керек.
Осыған орай, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Үкіметпен белгіленген уақыт аралығында тиісті ұсыныс жасап, оны орталық мемлекеттік органдарға бекітілген тәртіппен ұсынуды тапсырамын.
Мемлекет басшысымен жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау мен дамытудың міндеттері бекітілді.
Бүгінде жергілікті өзін-өзі басқару шығындарын қаржыландыру 19 бюджеттік бағдарлама бойынша құрамында аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қалалар) пен ауылдық әкімдіктің есебіндегі өзіндік кіріс бойынша жүргізіледі.
2016 жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Биыл да осы көрсеткіш көзделуде.
Осыған орай, ауылдық округ әкімдерін бюджеттік заңдылықтар мен коммуналдық меншік туралы білімдерін жетілдіру үшін арнайы оқытуды ұйымдастырған жөн деп ойлаймын.
Бұл жұмысты экономика және бюджеттік жоспарлау мен қаржы басқармаларына тапсырамын. Жұмысты үйлестіру – облыс әкімі аппараты жетекшісіне бағытталады.
Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.
Биылғы Жолдау ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жаңа міндеттер жүктейді. Осы ретте, облыстың әрбір тұрғынын қамтитын негізгі трендтерді ерекше атап өткім келіп тұр.
Ең алдымен, бұл – білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері.
Өткен жылы облыстың білім саласына 92 миллиард теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өсті.
Оқушылардың сыни ойлау қабілетінің дамуын, зерттеу мәдениетінің қалыптасуын анықтау мақсатында 4 мектепте эксперименттік алаңдар жұмыс жүргізуде.
225 мектепте оқушылардың ғылыми қоғамдары құрылып, оған барлық оқушылардың 35 пайызы қамтылған. Осы бағытта педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 128 іс-шара өткізілді. Бүгінгі күні 7508 (31,2 пайыз) педагог сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз тәжірибесінде қолдануда.
Облыстық білім басқармасына, білім бөлімдеріне оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырамын.
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру мақсатында 6 мектепте «Робототехника» курстары енгізілген.
Ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 76 білім мекемесіне электронды оқыту жүйесі енгізіліп, 437 мектеп (96,8 пайыз) кең арналы интернет желісіне қосылған.
2017 жылы 449 мектепті электронды білім беру контентімен қамтамасыз ету үшін 98 миллион теңге бөлінсе, электрондық оқытуды енгізуге арналған техникалық инфрақұрылымды (жергілікті есептеуіш желі, мектептік сервер және компьютерлік парк) әзірлеуге 446 миллион теңге бөлінді.
Аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне алдағы оқу жылында «Робототехника» курсын енгізу үшін кемі 11 мектепке электрондық оқытуды кеңінен енгізу үшін мектептердің техникалық инфрақұрылымын жаңарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын.
Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, ұлтжандылықты дамыту мақсатында оқу үрдісіне «Мәңгілік Ел», «Көшбасшылық мектебі» бағдарламалары енгізілген. 7 ауданда мектеп жанынан «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылған.
Облыстық білім басқармасына, білім бөлімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарын жандандыруды және Байзақ, Қордай, Талас аудандары мен Тараз қаласының әкімдеріне «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын.
Облыстағы 451 мектептің 363-і, яғни 80 пайызы ауылда орналасқан.
Сондықтан, аудан әкімдеріне мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуды, педагогтардың сапалық құрамын жақсартуды, білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырамын.
Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша облыста 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда.
Облыста 8 мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер және үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар ағылшын тілінде жүргізілуде.
Аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, облыстық білім басқармасына осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруды тапсырамын.
Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, Елбасы Жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби білім» жобасын жүзеге асыру – негізгі міндеттердің бірі.
Облыста техникалық кәсіптік білімді мамандар дайындауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі 2016 жылы 4123 орынды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 383-ке артты. (2015 жылы — 3740).
Оның ішінде: химия саласына бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 13,5 пайыздан 13,9 пайызға (504-тен 575-ке), ауыл шаруашылығы саласына бөлінген тапсырыс көлемі 17,7 пайыздан 17,8 пайызға (665-тен 735-ке) өсті.
Өңірде аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысын өткен жылмен салыстырғанда 870 орынға (оның ішінде 100 ЖБ, 770 орын РБ) арттыру көзделіп отыр.
Облыстық білім басқармасына «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын техникалық және кәсіптік мамандарды даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруды тапсырамын.
Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласына мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.
Бүгінгі таңда, «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша 11 колледжде 2865 оқушы білім алуда, оның 43 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.
2016-2017 оқу жылынан бастап Жамбыл политехникалық колледжінде «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 орын бөлініп, информатика пәні ағылшын тілінде оқытылуда.
Осы орайда, білім, жастар саясаты басқармалары, жоғары және арнаулы оқу орындары жастардың ғылымға бетбұрысын қалыптастыру, олардың ғылыммен шұғылдануларына қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдаулары керек.
Елбасы атап өткендей, білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Облыста халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, тұрғындар арасында әлі де бұл механизмге сенімсіздік орын алып отыр. Сондықтан, мақсатты топтармен нысаналы жұмыс жүргізілу керек.
Тараз қаласы және аудан әкімдері, денсаулық сақтау басқармасының, аумақтық департаменттердің, мемлекеттік корпорацияның басшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Тарихи құжатта ел қуанар жағымды жаңалық, зейнетақы мен жәрдемақылардың өсетіні.
Шілдеден бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға өседі.
Ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылмақ. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс.
Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40 пайызынан 50 пайызға дейін өсіріп, оның жаңа форматы енгізілетін болады. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.
Осы ретте, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан және қала әкімдеріне аз қамтамасыз етілген отбасыларынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту арқылы адресті әлеуметтік көмек көрсетуді күшейтуді тапсырамын.
Мұның бір құралы ретінде кәсіби қайта даярлау, еңбек нарығында қажетті жаңа мамандыққа оқыту жүйесін пайдалану қажет.
Жолдауда Қазақстанның, оның ішінде, әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.
Өйткені, тек қауіпсіз мемлекет қана алға қойылған реформаларды жүзеге асыра алады.
Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр.
Бұл ретте, дін істері басқармасына, аудандар мен қала әкімдеріне үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, діни экстремизмнің алдын алу жоспарын, оның ішінде интернет пен әлеуметтік желілердегі жұмысты пысықтауды тапсырамын.
Бұл жұмыстан Жергілікті полиция қызметі де тыс қалмауы тиіс.
Елбасы тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтуіміз қажет.
Жолдау еліміздің жаңаша дамуына жол ашып, әрбір азаматтың өмір сапасын арттыратыны анық.
Жолдаудың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз.
Біздің ортақ жетістігіміз – әр азаматтың күш-жігеріне, жоғары азаматтық борышы мен жауапкершілігіне байланысты.
Мен баршаңызды Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттерді жұмылып жүзеге асыруға шақырамын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support