- Advertisement -

Жанат Жақиянов әлем чемпионы атағына таласады

81

- Advertisement -

Кәсіпқой бокста еліміздің атын әйгілеп жүрген батыр­ларымыздың бірі Жанат Жақиянов ақпанның оныншы жұлдызында WBA (super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 2015 жылдың аяғында венесуэлалық Йонфреза Парехоны айқын жеңіп, бүкіләлемдік бокс қауымдастығының уақытша чемпионы белбеуін иеленген болатын.
Жалпы, кәсіби мансабында 27 кездесу өткізіп, оның 26-сын жеңіспен аяқтаған Жанат қарсыластарының 18-ін мерзімінен бұрын жеңген. 10 ақпанда Жанатқа қарсы рингке шығатын америкалық Рауши Уоррен 15 рет шаршы алаңға көтеріліп, 1 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан. Ол WBA (super) белбеуімен қатар IBO тұжырымы бойынша да әлем чемпионы саналады. Жалпы, Уоррен Хуан Карлос Пайаноға қарсы мардымды өнер көрсете алмай, кезінде жеңіліске ұшырағанын ескерсек, Жанат үшін алынбас қамал емес екенін түсіне түсеміз.
Кәсіпқой бокс әлемінде ZZ атымен танылған қазақ баласының жеңіске жететініне еш күмәніміз жоқ. Десе де, кезінде Ресейде өткен шайқасында төрешілер Жанатты аяқтан шалғаны есте. Сахиб Усаров деген беймәлім бір боксшыға Жанатты «жығып» берген болатын. Ендеше, АҚШ-та жұдырықтасатын қазақ боксшысы реті келсе кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаса кәні!

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support