- Advertisement -

Қысқы Универсиада алауы Тараз төрінде де лаулайды

179

- Advertisement -

Қаңтар айының 29 жұлдызы мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында, Алатау баурайында 28-ші қысқы Универсиада өтеді. Жылдың басты жарысында әлем саңлақтары 12 спорт түрі бойынша бақ сынасады. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауы эстафетасының бағытын анықтау бойынша жұмыс аяқталды. Алау эстафетасы Таразда екі кезеңге бөлініп өткізіледі. «Универсиада – 2017» алауын көтеретін 60 қатысушы қала көшелерін жүріп өтпек. Алау эстафетасына университет студенттері, ФИСУ өкілдері және қаланың белгілі спортшылары атсалыспақ.
Жалпы, мәртебелі дода алауы 25 қаңтарда Астанада тұтатылмақ. Әрбір облыс орталығында алауды Жағуға арналған өз салтанаты және эстафетаның өз кезеңі өткізілетін болады.
Универсиада алауы 22 500 шақырымға созылған жолды еңсерсе, оның 200 шақырымын алау көтерушілер жүріп өтпек. Студенттік ойындардың ресми әуе тасымалдаушысы – «Эйр Астана» компаниясы алауды аймақтардан Алматыға жеткізеді. Осылайша, эстафета алауы қалған 22 300 шақырымды Алматыға дейінгі жолда өткізеді. Ал 29 қаңтарда «Универсиада – 2017» іс-шарасының ресми ашылу салтанаты өтеді.
Осы жылдың 28 қаңтарында сағат 10.00-де «Достық» үйі аумағында «Универсиада – 2017» алауын тұтату салтанаты ұйымдастырылады. Эстафетаның екінші кезеңі «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» саябағында басталып, оған қатысушылар Тараздың негізгі білім орталықтары орналасқан көшелер бойымен «Универсиада – 2017» алауын көтеріп өтеді. Алау эстафетасы «Тараз-Арена» спорт сарайында мәресіне жетпек.

Алау эстафетасының аймақтардағы бағдарламасы:
• 2017 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауы тұтатылмақ;
• 26 қаңтарда алау облыс орталықтарында, атап айтқанда, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларында тұтатылады;
• 27 қаңтарда Ақтөбе, Орал, Атырау және Ақтау қалаларында тұтатылады;
• 28 қаңтарда Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында тұтатылады;
• 29 қаңтарда алауды тұтату салтанаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support