- Advertisement -

«Дайындалыңыздар! түсіремін…»

130

- Advertisement -

Фотобәйге жеңімпаздары марапатталды

«Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен облыстық «Ақ жол» газеті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жариялаған «Тәуелсіз елім бар!» атты фотобәйгенің қорытындысы шығарылды.
Жиынды «Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы ашып, байқауға қатысқан барлық талапкерлерге алғысын білдіріп, қазылар алқасы фотобәйгеге қатысқан фотошеберлердің газет бетіне жарияланған суреттері сәтті шыққанын атап өтті.
Сонымен, бірінші орынды Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің фототілшісі Сейсенбек Айтбаев (70 мың теңге) иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Тараздық Хангелді Жандарбекке (50 мың теңге) екінші жүлде бұйырса, сарысулық Нұржан Есмаханов (30 мың теңге) жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support