- Advertisement -

Балуандарға 3 қола бұйырды

69

- Advertisement -

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында грек-рим күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дуы басым додаға біздің облыстың өрендері де қатысып, жүлде жолында таласты.
Чемпионат барысында еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 260 балуан бақ, сынады. Бұл додада топқа түскен өрендерімізге үш бірдей қола жүлде бұйырды. 42 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әмір Дінмұхамет, 47 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Қошқар Дінмұхамет, 73 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ертілеу Темірбек сынды Жақсылық Үшкемпіровтің ізбасарлары боз кілемде аянып қалған жоқ. Алайда үкілі үміттеріміз ақтық сынға шыға алмай, қола жүлдені қанағат тұтты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support