- Advertisement -

Жұдырығына сенген Жігіт тер

97

- Advertisement -

жекпе-жекке дайын

29 қазан күні Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» спорт кешенінде үлкен бокс кеші өтетіні мәлім. Бұл күні кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» лақап атымен танылған бірінші орта салмақтағы WBA fedelatin чемпионы Қанат Ислам boxrec рейтингінде 139-орында тұрған ганалық былғары қолғап шебері Патрик Аллотеймен WBO, IBO құрлықаралық белбеулерін сарапқа салады.
21 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен алаш баласы үшін бұл жаңа белес болмақ. Кәсіби мансабында екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан Аллотейдің кәсіпқой рингте жұлдызы жарқыраған жоқ. Десе де, Қанат Исламның бұрынғы қарсыластарынан гөрі шеберлігі басымдау. Сұхбаттарының бәрінде «Мен Алматыға еріккеннен келген жоқпын, Қанат Исламның белбеуін еліме алып кету – басты мақсатым, сол арманыма жету жолында аянып қалмаймын» деп асқақ сөйлеп жүрген Патриктің шамасын осы сенбіде көреміз. Өз аттасы Патрик Тейшейраға есе жібергендей, күйрей жеңіле ме, әлде қазақ баласына қарымды қарсылас бола ала ма, кім білсін… Қанат та бұл жекпе-жекте елінің сенімін ақтау үшін бар күшін салатынын айтты. Қос боксшының кездесу алдындағы сөздерін бақсақ, рингте нағыз шайқас болатынға ұқсайды. Жанкүйерлерге де керегі сол емес пе? Алматыдағы бокс кешін тікелей эфирде көрсетуге «Қазақстан» ұлттық арнасы құлықты болып отыр. Трансляция 18.00-де басталмақ.
Бұл күні Қанат Исламнан бөлек Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Жанқош Тұраров, Айдар Шәрібаев секілді кәсіпқой бокстағы еліміздің қаймақтары да рингке шығады. Осы бокс кешінде жамбылдық жампоз, жартылай орта салмақтағы өреніміз Жанқош Тұраров тағы бір ганалық оғлан Исаак Ариймен қолғап түйістіреді. Жанқоштың қарсыласы кәсіпқой рингке 24 мәрте жеңіске жетіп қана қоймай, сегіз мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан, оның үшеуінде мерзімінен бұрын жеңіліске ұшыраған. Boxrec рейтингінде 284-орынға жайғасқан Арийді атап айтарлықтай тәуір қарсылас дей алмаймыз. Кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын ә дегенде Эмануэль Табоға қарсы екі кездесуде де жеңіліспен бастаған ол үшінші жекпе-жегінде де жеңілістің ащы дәмін татқан. Егер Тұраров бұл жігітті жеңіп жатса, жерлесімізге алдағы уақытта рейтингі жоғарырақ қарсыластармен жұдырықтасуға тырысқан ләзім. Он тоғыз кездесудің бәрінде қарсыластарын тығырыққа тіреген Тұраровтың да биік белестерді бағындыратын кезі келді. Кәсіпқой рингте алғашқы үш кездесуінде мерзімінен бұрын жеңісті тойлаған Айдар Шәрібаев осы күні рингке көтеріледі. Жеңіл салмақта сынға түсетін Айдардың қарсыласы – мексикалық боксшы Хуан Окура. Кәсіпқой бокста тәжірибе жинақтай бастаған Айдарға да, басқа да жігіттерге жеңіс тілейміз, әрине. Ендеше, 29 қазан күні қазақ жігіттеріне жанкүйер болайық!

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support