- Advertisement -

Н.Назарбаев Бурабайда шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізеді

79

- Advertisement -

2014 жылғы 12-13 маусым күндері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінде олардың Қазақстан Республикасының екінші индустриялық-инновациялық бесжылдығына қатысуы мәселелеріне арналған 27-ші жалпы отырысы өтеді. Негізгі баяндамашылар ретінде қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев және шетелдік тараптан Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти сөз сөйлейді деп жоспарлануда.Сонымен бірге, «Азиялық даму банкі», «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы», «Бэйкер мен Макензи», «Сбербанк», «Би Джи Групп», «Дженерал электрик», «ЛУКОЙЛ», «Камеко», «ШЕЛЛ» сияқты компаниялардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарлануда.Шетелдік инвесторлар кеңесі — Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін консультациялық-кеңесші орган.

Кеңес 1998 жылы шетелдік инвесторлардың елдегі инвестициялық қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды тиімді шешу, ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылды.

Кеңестің басты міндеттері инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуы аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Қазақстан Үкіметінің қарауына ұсынбалар мен ұсыныстар жасау болып табылады.

Кеңес құрамына қазіргі уақытта 35 шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

 Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support