- Advertisement -

Қағазбастылықтан арылудың жолы бар

83

- Advertisement -

ол электронды веб-порталына көшу

Облыс әкімі аппаратының бастамасымен білім саласындағы электронды үкіметтің веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында өткізілген семинар-кеңестен қатысушылардың ойға түйгені көп болды. Саладағы көрсетілетін қызметтердің стандарттары таныстырылды. Жиынды облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова ашып, жүргізіп отырды. Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Ихиева мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласын дамыту жолдарын атап өтіп, кездескен кемшіліктерге тоқталды.
– Облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 174 түрін көрсетеді. Олар атқарушы органдар берген статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, бірінші жартыжылдықта 4 411 426 қызмет көрсетілсе, оның 58 078-і – мемлекеттік корпорация, 286659-ы – электрондық үкімет веб-порталы арқылы орындалған.
Білім саласына тоқталсақ, барлығы 76423 қызмет көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік корпорация арқылы 591, электрондық үкімет веб-порталы арқылы 11189 және қағаз нысанында 64 643 қызмет. Мысалы, колледждер көрсетілетін «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 274 қызмет көрсеткен. Оның – 257-сі қағаз нысанында, 17-сі мемлекеттік корпорация арқылы орындалған. Аталған қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсету үлесі көп, – деді Айгүл Зайдинқызы.
Облыс әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімінің бас маманы Айнұр Әбішева білім саласындағы электронды нысанда ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мәселесін сөз етіп, бірқатар мәліметтермен бөлісті.
Айнұр Әбішеваның айтуынша, электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет. Яғни, қағаз нысанында көрсетілетін қызметтің саны көбейген сайын, қызмет сапасы төмендеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғарылап отырады. Сол үшін білім мекемелерінің басшылары электронды форматта және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы тұрғындарға хабарлап, мемлекеттік қызмет стандарттарына және регламенттеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес интернет-ресурстарды үнемі жаңартып отырулары керек.
– Алғашқы жартыжылдықта облыстық білім басқармасымен бірқатар аудандарда және колледждерде ішкі бақылау шараларын жүргіздік. Нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталып отыр. Стандарт және регламент талаптары сақталмаған. Көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындарға қолжетімді ақпарат жоқ. Статистикалық мәліметтерді дұрыс ұсынбауды былай қойғанда кейбір мектептер мен балабақша қызметкерлері көрсетілетін қызмет тәртібі туралы толық білмейді. Сол үшін жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды, – деді Айнұр Асылбекқызы.

Наурызбек САРША,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support