- Advertisement -

Тарихты танып білгіңіз келсе

169

- Advertisement -

Тарихты тани білу қашанда бағалы. Ол әсіресе келешекке керек. Сондықтан, өткен ғасырларды саралаған еңбектердің бәрі құнды. Алматы қаласындағы «ARNA-В» баспасынан Берден Байқошқарұлы мен Қаржаубай Сартқожаұлы бірігіп жазған «Үйсін хандығы» кітабы мың данамен жарық көрді. Кітапты Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеті Түріктану, Алтайтану ғылыми зерттеу орталығының ғылыми кеңесі баспаға ұсынып, тарих ғылымының докторы Тұрсынхан Зекенұлы бастаған ғалымдар пікір жазған.
«Бұл тақырыпқа бұған дейін барам деген ой менде болмаған еді. 2015 жылдың көктемінде тараздық қадірлі ақсақал Берден Байқошқарұлы қайта-қайта тілек білдіріп, Үйсін тайпасының түпкі тегін анықтау және біздің жыл санауымыздың І ғасырынан кейін үзіліп қалған тарихына саңылау енгізу жөнінде мәселе көтерген еді. Мен бұл уақытта ежелгі Сүннүлардың (Хунну) тарихына қалам тартпақ ниетте жиналған жазба құжаттар, қазба жұмысы арқылы анықталған тарихи-мәдени мұраларына сараптама жасап жүрген едім.
Берден Байқошқарұлы ақсақал Үйсіндердің шежіресін толық жинаумен қатар алғашқы Түркі қағанаты дәуіріндегі материалдарды да біраз жинақтаған екен. Осыдан кейін Үйсін тақырыбымен айналысуға, қолда бар материалдарды саралауға кірістік.
Біздің еңбегіміздегі жасалған тұжырымдар жүз пайыз дұрыс деп айта алмаймыз. Кемшілігін түзеп, қосарын қосып жетілдіруге есік ашық. Алла жар болсын! Ұлы бабалардың әр түрік ұрпағының жадына өшпестей етіп қонақтандырып кеткен мемлекетшілдік рухы жасай берсін!» деп жазады кітаптың алғы сөзінде филология ғылымының докторы, тарих ғылымының кандидаты, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы.
Ендеше, Берден Байқошқарұлы мен Қаржаубай Сартқожаұлының авторлығымен жазылған «Үйсін хандығы» атты тарихи кітап оқырманға жол тартты.
Жаңа кітаппен таныс болыңыздар, ағайын!

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support