- Advertisement -

Рио-2016: Жайна Шекербекованың қарсыласы белгілі болды

63

- Advertisement -

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында өнер көрсететін Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Ж. Шекербекова жарысты бірден ширек финалдан бастайтынын айтқан болатынбыз.
Бүгін бокстан 51 келіге дейінгі әйелдер арасында жекпе-жектер басталған болатын. Осы сында франциялық Сара Урамун 1/8 финалда Марокко боксшысы Зохру Эз-Захрауи айқын басымдықпен ұтты.
Енді ол ширек финалда қазақ қызымен жұдырықтасады. Боксшы қызымыздың алғашқы жекпе-жегін 17 тамыз күні Астана уақытымен 02:15-те тамашалайтын боласыздар.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support