- Advertisement -

Олимпиада ойындарын жүргізетін комментаторлар белгілі болды

132

- Advertisement -

Тамыз айының бесі күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ең маңызды спорттық жарыс Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасын отандық «Хабар», «Қазақстан», «Kazsport» арналары көрсететін болады. Ал осы жарысты тікелей эфирде жүргізетін комменаторлардың да есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде арна басшылары таныстырып өтті.

«Олимпиада ойындарын жүргізуге «Хабар» арнасына тәжірибелі комментаторлар шақырылды. Олар – Жандос Айтпай, Ержан Көшкінбаев, Ермұxамед Мәулен, Айбек Қабылша, Андрей Неклюдов, Дмитрий Мостовой. Сонымен қатар спорт түрлеріне байланысты сарапшылар шақырылады», — дейді «Хабар» арнасының директоры Ринат Кертаев.

Бұл арнадан Риоға Қанат Базылxан, Асxат Ниязов, Марат Тоқмағанбет және екі оператордан құралған түсіру тобы бара жатыр.

Ал «Kazsport» арнасында Асxат Сағынаев, Сергей Ралян және т.б жас комментаторлар жұмыс істейді. Бразилияға Индира Бектенова, Ермек Төрениязов, Телжан Күдеров, Бағдат Сүлейменов, Руслан Дәулетов секілді журналистер мен операторлар бара жатыр. Олар xалыққа жылдам xабар таратуға тырысады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары бесінші тамыз күні басталады. Қазақстанның намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support