- Advertisement -

Ақтөбедегі аялдамада телефон қуаттауға болады

81

- Advertisement -

Ақтөбенің орталық көшелеріндегі 12 аялдамада ұялы телефон қуаттайтын қондырғылар орнатылмақ. Қазір Әлия Молдағұлова даңғылындағы бір аялдамада алғашқы қондырғы жұмыс істеп тұр. Қуат көзі орналасатын аялдамалар жаңадан тұрғызылды. Тұрғындарға қолайлы, толықтай жабдықталған бір аялдаманың құны 1 млн 600 мың теңге тұрады. «Әйнек қабырғалары жарық диодты шамдармен безендірілген аялдама қаланың ажарын да аша түседі», — дейді жергілікті билік өкілдері. Демеушілер қаржысына тағы 20 аялдаманы жаңғырту да жоспарда бар. Бірақ, оларда телефон қуаттайтын қондырғылар болмайды.  Жанат Қуанышева, ТКШ бөлімінің бас маманы:  — Аялдамалар қаланың 6 орталық көшесінде орналасатын болады. Әзірге 12 аялдама тұрғызамыз, оған 19 млн теңге бөлінді. Есет батыр көшесі, Әлия Молдағұлова даңғылы, Әбілхайыр хан даңғылы сияқты адам аяғы көп жүретін көшелер. Бір аялдаманың құны – 1 млн 600 мың теңге, бірақ, аялдама алдына жол төселмейтін болса, бағасы 1 млн теңге болады.

Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support