- Advertisement -

Байлықтың үстінде отырмыз

65

- Advertisement -

Ел ордасы Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтіп, еліміздің барлық саяси, қоғамдық ұйымдары жергілікті жерлерде нақты іспен айналысып жатқан шаруалармен бір үстел басында бас қосқаны баршаға мәлім. Онда айтылған сан алуан пікірдің ішінде жалпы бір ортақ мүдде бар. Ол ауыл шаруашылығын дамыту. Оның жолдары мен түрлі тәуекел-мүмкіндіктері тізілген коалицияның үндеуі бір ауыздан қабылданды. Бұл мәселеден әрбір көкірегі ояу, көзі қарақты азамат хабардар болар, оған үн қосар деген ойдамын. Мен де аталған үндеуге орай ой-пікірімді білдіруді өзімнің азаматтық борышым санап отырмын.

Басқосуда айтылған жайлар еліміздің барлық өңірлеріндегі жер пайдаланушы азаматтардың мақсат-мүддесімен әбден сәйкес келеді деген ойдамын. Үндеуде коалицияның «Қазақстан–2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы белгілеген елімізді қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағдарын, 5 реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Елбасының Жер кодексінің жекелеген нормаларына мораторий енгізу туралы шешімін толығымен қуаттайтындығы айтылған.
Осы ретте әлемдік қоғамдастықтың беделді әрі жауапты өкілі ретінде Қазақстан бетпе-бет келіп отырған жаңа жаһандық саяси-экономикалық ахуал мен уақыттың сынақтары ескерілуі тиіс, тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің іргетасы – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен ұлтаралық бірлікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қарқынды дамуымыздың аса маңызды тетігі ретінде жер реформасы өте-мөте қажет деп санайды коалициялықтар.
Сонымен қатар Президенттің тапсыруымен құрылған Жер реформасы бойынша комиссия жұмысының алғашқы нәтижелерін жоғары бағалай келе, барша қазақстандықтарды аталған комиссия мен аймақтық қоғамдық кеңестердің жұмысына белсене атсалысуға шақырады.
Онда айтылғандай, шын мәнінде Қазақстандағы пайдаланусыз, ел игілігіне жаратылмай жатқан мыңдаған гектар жеріміз барын жасыруға болмайды. Сол жерлер елге жаны ашитын, жер қадірін білетін, егін егіп жүрген егінші-диқандарға – еліміздің өз азаматтарына бірінші кезекте берілуге тиіс. О шеті мен бұ шетіне көз жеткісіз, ұшқан құстың қанаты, жортқан аңның тұяғы талатын, ұшы-қиыры жоқ, кең жазиралы даламыздың иесі де, киесі де – ел, қарапайым халықтың өкілдері. Тиімді пайдалана білсек, бар байлық жерде. Осыны ұмытпайық.
Біртұтас, қуатты, гүлденген Қазақстанның алға қойған негізгі мақсаты – Мәңгілік Ел болу. Тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, тыныштық, күшіміз – ынтымақ, бірлік. Жер сияқты киелі мәселеге қатысты заң жобасының тағдыры митингтерде емес, осындай мейлінше ашық, анық жағдайда өтетін басқосулар мен сабырлы, салмақты, жан-жақты талқылауларда шешілуі керек.

Ниязхан 
БЕЙСЕНОВ, 
еңбек ардагері.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support