- Advertisement -

Жас боксшыларымыз ел чемпионатынан олжалы оралды

100

- Advertisement -

Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің он төрт облысынан 158 спортшы бақ сынаған айтулы аламанда жамбылдық былғары қолғап шеберлері толайым табыстарға қол жеткізді. Жерлестеріміз жеті салмақ дәрежесінде жүлдеге ілікті.
Ел біріншілігінде 34 келі салмақ дәрежесіндегі Ислам Молдашев пен 63 келі салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Серікхан Бейсенбек дода барысында барлық қарсыластарынан мықты екендіктерін дәлелдеп, алтын жүлдеге қол жеткізсе, 34 келідегі Ильгар Салахов пен 46 келі салмақ дәрежесіндегі Диас Молжігітов ақтық айқаста ғана қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен 32 келідегі Олег Иганцкий, 36 келідегі Алмаз Дүйсенқұл, 63 келідегі Байсал Серікжан секілді боксшыларымыз қола жүлдегер атанды. Осылайша жамбылдық балғын былғары қолғап шеберлері ел біріншілігінде жасындай жарқырай білді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support