Жүзден жүйріктер
Таяуда Алматы шаһарында жеңіл атлетикадан ел кубогі үшін аламан жарыс өтті. Еліміздің барлық өңірінен кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық желаяқтар топқа түскен сында жамбылдықтар жүлдесіз қалған жоқ. 162 спортшы бақ сынаған ел кубогі жолындағы бәсекеде жерлестеріміз үш қашықтықта олжа салды. 3000 метрлік кросс жарысында Дмитрий Иванчуков қарсыластарынан қара үзіп, жеке дара мәре сызығын бірінші болып кессе, алдымен 100 метрлік спринт жарыста бақ сынаған Светлана Голендова үшінші орынды, кейінірек 200 метрлік қашықтықта бірінші орынды иеленді. Саңлақтарымыз әлі талай жарыста олжа салары сөзсіз.
Гүлжанат Төленова, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Испандықтардың жұлдызы жанған күн
- 16 шілде, 2024
Өзі де, ұлдары да алтыннан алқа таққан
- 16 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді