- Advertisement -

Тағы бір “Протон” апатқа ұшырады

99

- Advertisement -

Кеше таңға жақын Байқоңырдан ұшырылған “Протон-М” зымыраны Қытай территориясының аспанында түгелдей жанып кеткен. Оның сынықтары Жер бетіне түскен жоқ деп мәлімдеді Роскосмос басшысы Олег Остапенко РИА Новостиге берген сұхбатында.

“Зымыран тасығыш, жүрдек блок және спутниктің өзі атмосфераның тығыз қабаттарында түгел өртеніп кеткендігі туралы ақпарат расталды. Бұл жайт Қытайдың аспанында орын алған. Апат болған биіктікті есептей келе зымыран қалдықтарының жерге жетпегендігін сеніммен айта аламыз” деді Остапенко тілшіге берген сұхбатында. Егер “Протон-М” “Экспресс-АМ4R” байланыс спутнигін ғарышқа шығара алғанда, Ресейдің қиыр аймақтарындағы елді мекендерге арзан интернет қолжетімді болар еді. Роскосмос қазір мән-жайды зерттеп бітпейінше Байқоңырдан зымыран тасығыштарды ұшыруды уақытша тоқтататынын хабарлады.

It write me an essay seemed a technical problem to build capacities that would allow them flourish

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support