- Advertisement -

Мемлекеттік қызметші міндетіне мұқият болса…

107

- Advertisement -

Атқарушы билік жүйесінде жауапты қызметте отырған мемлекеттік қызметшінің өз міндетіне немқұрайды қарап, немкеттілік танытуының салдарынан мемлекеттің өңірлердегі елді мекендердің әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған қаржысы, кейде су аяғы құрдымға кете жаздайтын жағдайлар да кездеседі.

Міне, сондай келеңсіздік көрінісі Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2013 жылдың 14 мамырында, аудан аумағындағы Жайлаукөл, Саудакент, Ақтоғай ауылдарын сумен жабдықтау жүйелері нысандарын қайта жаңғырту бойынша, сомасы 5970000, 5970000 және 7960000 теңге болатын жобалық-сметалық құжаттар жасау және мемлекеттік сараптамадан өткізу туралы «Бас сәулет-жобалау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасасқан келісімшартының орындалу барысында орын алған. Облыстық прокуратураның тексеруі және құзырлы органның ұсынысы негізінде Тәртіптік кеңес хатшылығының зерттеу-зерделеуі кезінде аталған жұмыс ауқымының келісім-шартта белгіленген мерзім — 2013 жылдың 14 қарашасында аяқталмағандығы анықталған. Алайда, тапсырыс беруші — аудан әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тұрғанбай Есқұлов соған қарамастан орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қойып әрі соның негізінде серіктестікпен есеп айырысып, келісімшартта көрсетілген қаржының негізгі бөлігін заңды тұлғаның есепшотына аударып жіберген. Соның салдарынан үш ауылдағы сумен жабдықтау жүйелері нысандарының жобалық-сметалық құжаттары бойынша қалдық сома небәрі 398000, 295500 және 298500 теңге қаржыны ғана құраған. Бұдан өзге серіктестіктің үш келісімшарт бойынша облыс әкімдігі жолаушылар тасымалы, автомобиль жолдары және құрылыс басқармасының депозиттік есебіне салған 597 мың теңге мөлшеріндегі кепілді қаржылық жарнасы сақталынған болып шықты.
Тұрғанбай Есқұловтың келісімшартта көрсетілген жұмыс ауқымын мерзімінде аяқтай алмаған «Бас сәулет-жобалау кәсіпорны» ЖШС-ын сот арқылы жауапкершілікке тарту жөніндегі әрекеті де нәтижесіз аяқталған. Көп әуре-сарсаңнан соң ғана тек Жайлаукөл мен Ақтоғай ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелері нысандарын қайта жаңғырту бойынша сараптамалық қорытындылары ағымдағы жылдың 14 қаңтарында және 26 ақпанында тапсырыс берушінің қолына тиеді. Ал, Саудакент ауылы бойынша болашақ құрылыс нысанының сараптамалық қорытындысы қашан аяқталатындығы сол белгісіз күйінде қала берген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы- Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақовтың төрағалығымен өткен тәртіптік кеңестің отырысы күн тәртібіне қойылған осы мәселені талқылай келе Сарысу ауданының әкіміне аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тұрғанбай Есқұловты еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптары негізінде атқаратын қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.
Тәртіптік кеңестің отырысы күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді қарап, талқылай келе Байзақ аудандық әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Қырғызбаевты құзырына жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауда заңда белгіленген тәртіпті әлденеше қайтара бұзып, жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық жасағаны үшін атқаратын қызметіне толық сәйкес еместігі, ал аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлованы, осы бөлімнің сектор меңгерушісі мен бас маманы Нелли Шаухарова мен Шолпан Асабаеваны еліміздің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы және Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарына сай қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шүкеевке ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.
Қабылданған шешімдер бойынша Тәртіптік кеңеске заңда белгіленген мерзімде хабарлау міндеттелді.

Сапарғали ӘЛІБАЙ,
«Ақ жол».

It’s not https://admission-writer.com/ that you can fix a school once and it stays fixed, ms.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support