Жапон ғалымдары егеуқұйрықтың арқасына адам құлағын өсіріп шығарды

86

20160126080533Жапон ғалымдары тәжірибе жасап, егеуқұйрықтың арқасына адам құлағын өсіріп шығарды. Сәтті эксперименттен кейін зерттеушілер бес жыл ішінде мұндай технологияны адамзат игілігі үшін пайдалануға болатынын мәлімдеді. Ғылыми қызметкерлердің айтуынша, бұл бет әлпетінің дамуында ауытқушылық бар немесе қандай да бір жазатайым оқиғадан на апаттан зардап шеккен адамдарға жәрдемдеседі.

Қазіргі уақытта адам құлағы қажет болған жағдайда, пациенттің қабырғасынан алынатын шеміршектен өсіріледі. Бұл үлкен еңбекті қажет ететін ота. Шеміршекті алудың өзі оңай шаруа емес. Одан кейін шеміршек алынған орынның қалпына келуі өте баяу үрдіс. Тіпті толықтай жазылмауы да мүмкін.

Жапон технологиясы шамалы жасуша мөлшерін ғана талап етеді. Құлақты өсіру үшін ғалымдар шеміршек жасушасында плюрипотентті бағаналық жасуша қалыптастырды. Одан кейін тірі өскен құлақты имплантациялауға болады.

Comments are closed.