- Advertisement -

Күзетші «диктор» Казнетті жаулап алды

106

- Advertisement -

Т. Рысқұлов ауданы  Қарақат ауылының тұрғыны Жасұлан Кенжебай ұялы телефон камерасы алдында өзінше стендаптар жасап, ғаламтордың «жұлдызына» айналды. Бейнебаяндардан күзетші болып жұмыс істейтін қарапайым ауыл жігітінің өзі қажет деп тапқан мәтіндерді кәсіби журналистердің мақамына келтіріп жеткізетінін байқауға болады.

Отыз екі жастағы «диктор» жас кезінде журналист болуды армандаған екен. Өзінің бұл салаға қабілеті барын үшінші сыныпта оқып жүргенде-ақ байқаған. «Жігіт сұлтаны» байқауы, өзге де түрлі конкурстардың жеңімпазы атанып, сабағын да жақсы оқыған көрінеді. Алайда, мектеп бітірген соң, арманынан алыстап, мал дәрігері мамандығы бойынша оқуға түседі. Ал 2004-2006 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметінде борышын өтейді. Бүгінде отбасылы, екі баланың әкесі.

Ал өзінің «дикторлығы» жайында:

–  Камера алдында бірінші рет өткен жылдың жазында өнер көрсете бастадым.  Досым қонаққа келіп, телефон камерасына қарап тұрып сөйлеуімді сұрады. Әдетте көлемді болса да, мәтіндерді тез жаттап аламын. Бір-екі рет оқып алсам жеткілікті. Мәтін арасында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қанатты сөздерін қосамын. Негізінде көбі тосыннан шығады. Ал отандық журналистерден Нартай Аралбайұлын үлгі тұтамын, — дейді Жасұлан Кенжебай.

Қазіргі таңда күзетші «дикторға» КТК телеарнасы қызығушылық танытып отырған сыңайлы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support