- Advertisement -

Тікұшақ апатқа ұшырады

70

- Advertisement -

23 қаңтар күні облыс аумағында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Кейін ұшқыштың зардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.
– Апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы жансақтау бөліміне жеткізілген. 62 жастағы Валерий Михин Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дәрежеде күйікке ұшырағаны туралы диагнозбен түскен. Оның тыныс алу жолдарын да ІІ дәрежедегі күйік шалған. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. 25 қаңтарда 09.00-де дәрігерлер консилиумы оның жағдайын қарады, жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
– Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және облыстық ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апаттық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support