- Advertisement -

Сайлау — үлкен саяси бәсеке

112

- Advertisement -

Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда басталады

Саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын әзірлеу және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңесте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
ОСК төрағасы өз сөзінде кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге теңдей мүмкіндік жасау қажеттігін атап өтті.
– БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Яғни, саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға 6 наурызда, ал мәслихат депутаттығына кандидаттарға 24 ақпанда басталады, – деді ол.
Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары басталғанға дейін саяси партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын жарнамалық материалдардың барлығына да партияның сайлау қорынан қаржы төленуі тиіс.
– Сайлауалды үгіт-насихатты қамтитын барлық материалдарда қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы қажет, – деді ОСК төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support