- Advertisement -

Отан ұғымы әрқашан жүрегімізде

178

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс… Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» деген сөзі сана төрімізде әрдайым атой салып тұрады.
Елбасымыздың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамы» әрбіріміздің жүрегімізде. Бес институционалды реформаны жүзеге асыру үшін «бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай» жұмыларымыз хақ.
Әсіресе біз, қазақ жұрты, қашанда елжандылығымызбен, патриоттығымызбен ерекшеленген халықпыз. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеуді Елбасы шегелеп тұрып «100 нақты қадамның» 85-қадамына енгізгені мәлім.
Жалпы алғанда, кімде-кім елін, жерін шын сүйген нағыз патриот азамат болады десек, ол санатқа спортшыларымыз да толыққанды жауап бере алады. Бірден айта кетейік, Елбасымыз өзге мемлекетке ресми сапарға шыққанда Тәуелсіз Қазақстанның көк Туы көкте желбіреп, Гимніміз шырқалатынын бәріміз білеміз. Бұл бірінші жағдай болса, екінші жағдайда спортшыларымыз әлем, Азия чемпионаттары, Олимпиада ойындары, халықаралық турнирлерде қатарынан оза шауып, бәйге алғанда көк Туымыз зеңгір көкпен астасып, Гимніміз әуелейді. Бойымызды әлдебір керемет сезімдер билей жөнеледі. Ол әлбетте елге деген сүйіспеншілік. Жамбыл жерінен шыққан даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің жеңісті жорығын жалғастырып келе жатқан боксшыларымыздың, балуандарымыздың және өзге де спортшыларымыздың бәрі Отанын сүйеді. Оның абыройын аспандатқысы келетіні анық.
Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» атап өткен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін спортшыларға, әсіресе жасөспірімдерге біз әрдайым түсіндіріп, елді сүю арқылы ерлік жасауға болатынын саналарына құя береміз. Олар оны шын ықыласымен қабыл алып, түйсінері хақ.

Гамлет Қайнарбеков,
облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support