- Advertisement -

Әулет шежіресін жасаумен айналысатын ОҚО тұрғыны күн санап танымал болуда (фото)

102

- Advertisement -

ОҚО Сайрам ауданының тұрғыны Нұрхан Сейітов әулет шежіресін жасаумен айналысады. Әулет шежіресіне шебер жеті атадан бастап, апа-әжелердің, келін, қыздардың, күйеу балаларының да аттарын жазады деп жазадыSTAN.KZ.

pogudx6o1fs2jpp99.8f522a93Талай жыл сәулетші қызметін атқарған азамат зейнет жасқа шыққалы осы істі кәсіп еткен екен. Жайқалып өскен үлкен ағаш ретінде бейнелетін бұл кескін әулеттің атадан балаға мұра болып қалатын үлкен естелігі деуге болар. Ағаштың түбіне үш бидің сөздері мен жеті ата мен қазақтың жеті қазынасы жайлы жазылған. Шежіреде жеті ата мен соңғы бірнеше ұрпақ таратылып көрсетіледі.

pogudxeu7cb2jdjjm.43610c68«Бұл кейінгі ұрпақ әжелерінің де кім екенін білу үшін жасалады. Кезінде көп рулар апа-әжелердің руымен қосалқы аталатын болған. Сондықтан нәзік жандыларды да ұмыт қалдырмауды жөн көрдім. Әулет шежіресінің тәрбиелік жағы зор. Келіндердің аты жазылып тұрған соң, моральдық тұрғыда әсер етеді. Әсіресе қазіргі ажырасу тым көп болып тұрған заманда», – дейді Нұрхан Сейтов.

Үйдің төрінен орын алатын шежіренің айналасы өрнектеліп, беті әйнекпен жабылған. Оны алдағы уақытта толықтырып не өзгертіп отыруға болады. Соңғы жасалған шежіреде, тіпті жарық шамдар орнатылған. Онда адамдардың аттары жапырақ етіп қиылған алтын түстес қатты қағазға жазылады.

pogudx4ddsaq6be5c.331e8e48

Бұл шежіреде 200 адамың аты бар. Өз еңбегі үшін шебер артық ақша сұрамайды. Бір жапырақтың бағасы 200 теңге. Жүрегіне жақын бұл істің отбасына әкелер пайдасы қуантады дейді шебер.

pogudx64k5qv9vq1l.0274c9d1

Әулет шежіресі бар отбасы үш жұртын жадында сақтайды. Ол үйде өз жұрты, қайын жұрты мен нағашы жұртын білген ұрпақ өседі. Бұл іспен айналысуға шебердің 13 жыл бұрын бастан өткен оқиғасы түрткі болған екен.

 

«Бірде жолдасымның үйіне барсам баласына мектепте тапсырма беріпті. Жеті атаңның атын жазып кел деген. Сонда әкесі де жеті атасын білмей, «көршілердің атын жаза салшы, апайың қайдан біліп жатыр» деді. Содан бастап осы істі біртіндеп қолға ала бастадым. Қазір жеті атасын білмейтіндер көп. Ұрпақ тәрбиесін жеті атамызды білуден бастайық»,- дейді Нұрхан Сейтов.

Осы уақыт ішінде Астана мен Орал, Қарағанды облыстарынан тапсырыс түскен. Көрші Өзбекстан елінің азаматтары да жиі сұраныс білдіреді екен. Тіпті басқа ұлт өкілдері де қызығушылық танытып жатқанын айтады шебер. Сұраныс берушілердің басым бөлігі қарапайым азаматтар екен. Бұл игі істі алдағы уақытта үлкен немересінің жалғастырғанын қалайды.

Айтуынша, жалпы бұл дүниені ағаштан, темірден не киізден де жасауға болады. Керек болса алтын мен күмістен де ойып, асыл тастармен көмкеріп істей алады. Әрине тапсырыс берушінің талғамына сай. Шебер президенттің әулет шежіресін жасауды армандайды. Қолдау көрсетушілер табылса.

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support