- Advertisement -

Жамбыл облысындағы тасжолдың бойынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды

68

- Advertisement -

pogudx2q9t1kg0pjng.cb6bbe4dЖамбыл облысындағы тасжолдың бойынан жаңа туылған нәрестенің жансыз денесі табылды. Сәбидің басы жарылған.

Нәрестенің мәйіті 13 қаңтар күні таңертең табылған деп хабарлайды ҚазТАГ-ға сілтеме жасап NUR.KZ.

Кейбір дереккөздердің берген ақпаратына сәйкес, сәби көлік ішінде дүниеге келіп, содан соң оны жол бойына лақтырып кеткен.

Жамбыл облысының ІІД болған жайтты растап, күдікті адамдарды анықтағанын хабарлады.

“Сәбиді дүниеге әкелген ана қазіргі уақытта ауруханада жатыр, ал оның шешесі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады ведомстводан.

Ал расталмаған ақпаратқа сәйкес, баланың анасы Талас ауданындағы ауылдық мектептердің бірінің оқушысы, 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында қаңтардың үші күні тіркелген. Онда жолаушының бірі тасжолдың бойындағы дәретханадан жаңа туған шақалақты тауып алған еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support