- Advertisement -

Алысты жақын еткен мейірім

133

- Advertisement -

Отар ауылдық округінде мүгедек балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған ауылдық округ әкімінің жаңажылдық шыршасы кең көлемде аталып өтті. Әсем безендірілген шырша жанында ертегі көріністері қойылды, балалар шыршаны айналып ән шырқап, түрлі ойындарға қатысты. Ауылдық округ әкімі Жайлыбек Шадиевтің демеушілерді ұйымдастыруымен 110 балаға сыйлықтар таратылып, өнерлеріне қарай жүлделер де берілді. Шалғай орналасқан Бел, Аңырақай ауылдарындағы балаларға сыйлықтары жеткізіліп берілді. Демеушілік көрсеткен «Л.Капитал» фирмасының қызметкері Гүлсім Іңкәрбекова елу балаға 70 мың теңгеге, ал ауыл азаматтары Асқар Рысқұлов пен Нұрлан Бүйенбаев елу балаға әрқайсысы мың теңгелік сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, Отар стансасы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қанат Бердіқожа, кәмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қайрат Бектұрсыновтар қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, Бел ауылының аз қамтылған отбасыларындағы он балаға сыйлықтар үлестірді. Балалар куанып, ата-аналары ризашылығын білдіруде. Жаңа жыл қарсаңында өткен бұл шырша мерекесі балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады.

Құрманбек ӘЛІМЖАН,
«Ақ жол».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support