- Advertisement -

Өткен жыл тарих беттеріне жасампаз жаңалықтарымен жазылады

66

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!
Еліміз күнтізбеде тағы бір Жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Ескі жылда есірке, Жаңа жылда жарылқа деп тілейтін қазақ халқы үшін әр жылдың орны ерекше. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміз осынша жетістіктер мен толағай табыстарға береке мен бірліктің арқасында қол жеткізіп отырғанын ұмытпауымыз керек.
2015 жылы облыс көлеміндегі атқарылған ауқымды істер сіздердің көз алдарыңызда. Жыл ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, білім, медицина салаларының ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімім мол.
Өткен жыл өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. 2015 жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткен тарихымызды ұлықтау жылы болды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жолдады. Онда еліміздің дағдарыс жағдайындағы даму стратегиясы айқындалып, ел бірлігін нығайту, экономиканы дамыту жолдары белгіленді.
Елбасы Жолдауы әрбір азаматқа жауапкершілік жүктейді. Біз ұлы мұрат жолында үйлесімді жұмыс істеуіміз қажет.
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз дамудың даңғыл жолынан таймай, толағай табыстарға кенеле берсін! Жаңа жылда әр шаңырақ молшылыққа, бақыт пен шаттыққа бөленсін! Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support