- Advertisement -

Тұрғындар өтініші ескерілуде

90

- Advertisement -

Облыстық «Ақ жол» газетінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №136 санында жарияланған «Қала маңы тұрғындарының қамын кім ойлайды?» атты мақалаға орай мына төмендегіні хабарлаймыз:
«Шөлдала» тұрғын алқабына газ құбырын жеткізу үшін жобалау-сметалық құжаты дайындалып, республикалық бюджеттен инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Алдағы жылдары «Көлтоған», «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарын және де осы маңдағы шағын саяжайларды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету үшін аталған аумақтың толық жайғастыру жобасы, жер телімдерінің топотүсірімі және жобалау-сметалық құжаттары кезегімен дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
«Құмшағал», «Шөлдала» алқаптарының көшелеріне сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жобалау-сметалық құжаттары жасалатын болады.
Осы жылғы 26 қарашадан бастап Құмшағал ауылына қатынайтын №5 бағытына екі автобус бекітілген. Олар жүру кестесі бойынша таңертең 2 рет, кешкі уақытта 2 рет «Көлтоған», «Жиделі» алқаптарына да қатынауда. Тұрғындар үшін автобус бағыттарының кестесіне және бағытына енгізілген өзгерістер туралы автобус аялдамаларына хабарландырулар ілінді.
Байланыс бөлімшесінде коммуналдық мекемелердің түбіртектері арқылы төлем қабылдау жүргізіледі. Алайда, аталған аумаққа коммуналдық мекемелердің өкілдері түбіртек таратпай, өздері қолма-қол төлем қабылдайды немесе қалаға келіп мекеменің кассасына төлейді.

Жандос Өмірзақов,
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support