- Advertisement -

Шымкенттік қыз-келіншектер 78 жастағы қарияға жар болу үшін таласып жатыр

123

- Advertisement -

pogudx23fb2094sap.64612e76Жақында өзіне оңтүстіктен жар іздеген 78 жастағы ақсақал туралы жазған болатынбыз. Сәтбаев қаласының тұрғынына адал жар болуға ниеттенген нәзік жандылардың қатары көп болып шықты.

Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласында тұратын Жайлау ақсақалдың (белгілі бір себептерге байланысты аты өзгертілген) тұрмыс-тіршілігі, жары қайтыс болғалы бері жалғыздықтан жаны жабырқап жүргені, сондықтан Оңтүстік өңірден қарапайым, кішіпейіл әйелмен танысып, бас қосқысы келетіні туралы жазылған болатын.

Аталған мақаладан соң, жалғыздықтан жаны жабырқап жүрген жиырмаға жуық әйел хабарласып, 78 жастағы қариямен танысқысы келетінін айтқан.  Олар Жайлау ақсақалмен жақынырақ танысып, орайы келіп жатса, ол кісіге жар болуға келісетіндерін айтады. Солардың бірі – Бәйдібек ауданының 1972-жылы туылған Гүлісхан есімді тұрғыны. Ол бүгінде Астана қаласында екі ұл, бір қызымен бірге пәтер жалдап тұрып жатыр екен.

«Жолдасым осыдан үш жыл бұрын ауыр дерттен қайтыс болған. Тірі кезінде қызымызды құтты орнына қондырып үлгердік. Ол қазір өзімен-өзі. Немерем бар. Ал үлкен ұлым Астанада мемлекеттік қызметте, екінші ұлым кішкентай, 6 жаста, балабақшаға барады.
Өзім Астана қаласындағы күзет агенттіктерінің бірінде күзетші болып жұмыс істеймін. Жұмысым өте ауыр. Қанша жерден мықты болайын деп тырысып баққанмен затың әйел болғасын ер-азаматқа арқа сүйегің келеді екен. Жалғыздық жаныма батып жүрген кезде Жайлау атаға жар керек екенін біліп, өздеріңізге хабарласып отырмын. Жұрт 78 жастағы қарияға неге қызығып отыр деп ойламасын, маған перзенттерімді өсіріп-жетілдіруге жәрдем беретін, өзімді сыйлап, әйел ретінде қадірлей білетін адам керек. Егер Жайлау қария менімен бас қосып, бар жағдайымды жасайтын болса, бәріне көнер едім», – дейді Гүлісхан.

Жұрт 78 жастағы қарияға неге қызығып отыр деп ойламасын, маған перзенттерімді өсіріп-жетілдіруге жәрдем беретін, өзімді сыйлап, әйел ретінде қадірлей білетін адам керек.

Ал Айғаным есімді апаның Жайлау атаға қоятын талабы бар екен. Айғаным  редакция телефонына «Уатсап» арқылы суреті мен қысқаша өмірбаянын жіберген.

«Мен реңді әйелмін. Мінезім де жақсы. Жоғары білімім бар. Талай жыл мектепте мұғалім болып қызмет істедім. Құдайға шүкір, бала-шағаның бәрі жетілген, әр қалада әжептеуір қызмет істейді. Үйлі-баранды болып кеткен. Ал мен кенже баламның қолында тұрамын. Олар әзірге менің бұл тірлігімнен хабарсыз. Алдын-ала ештеңе айтқым келмеді. Жайлау есімді азаматқа менің мына тілегімді жеткізсеңіздер екен. Мен ол кісімен жақынырақ танысу үшін Сәтбаев қаласына барып, бетпе-бет кездескім келеді. Жайлау аға менің барыс-келіс жолымның ақысын және басқа да шығындарымды өтей алар ма екен? Егер келіссе, мен бір-екі аптаға барып, бір шаңырақ астында тұрып көрейін. Балаларымен танысайын.¬ Мінезіміз үйлесіп, әңгімеміз жарасып жатса мені айттырып, ел-жұртқа әйгілеп әкетер. Ал бәрі керісінше шықса, «жабулы қазан» күйінде қала беретін болады», – дейді Айғаным.

Жайлау атаның жеке пәтері мен қымбат бағалы көлігіне қызығып, телефон соққан қыз-келіншектер де болды.

Жамбыл облысында тұратын Ақмарал есімді келіншек осыдан екі жыл бұрын күйеуімен ренжісіп, екі баласын жетектеп төркініне оралған екен. Содан кейін заңды түрде ажырасып кетіпті.

Мен ол кісімен жақынырақ танысу үшін Сәтбаев қаласына барып, бетпе-бет кездескім келеді. Жайлау аға менің барыс-келіс жолымның ақысын және басқа да шығындарымды өтей алар ма екен?

Ақмаралды махаббат, ерлі-зайыптының арасындағы жас айырмашылығы деген нәрсе қызықтырмайтын болып шықты. Ең бастысы, тұрмысқа шыққалы жатқан азаматы екі баласының жағдайын жасап, соларды асырап-бағуға көмектесер болса, айтқанының бәрін орындауға әзір екенін білдірді.

«Өмірінің соңына дейін күтіп-бағуға әзірмін. Көңілінен шығу үшін барымды саламын. Маған тек пәтерін атыма аударып берсе болғаны», — дейді ол.

“Тең – теңімен…” деген, мен жасым келген адаммын. Желік қуып, жас иіс аңсап отырған жайым жоқ. Немереммен жасты әйелге үйленсем ағайын-туыс, дос-жарандар не ойлайды? Мынау есінен алжасқан шығар деп күледі. Сондықтан маған өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін ғана отасатын адам керек емес. Оның үстіне менің пәтер мен көлігімнен басқа асып-тасып жатқан дүнием де жоқ”, – дейді қария.

Ол кісі дәл қазір өзі тұрып жатқан пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Тірлігі реттелген соң Шымкентке арнайы келіп, өзіне ұнаған адамдармен кездесуді жоспарлап отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support