Назарбаев Обамамен не туралы сөйлескенін айтты

60

pogudx4l4p7mqjp47.544a1dcbНұрсұлтан Назарбаев Обамамен не туралы сөйлескені жайында айтты. Ақорда мен Ақ үйдің қожайындары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жиыны барысында емен-жарқын әңгімелесті деп хабарлайды КТК арнасы.

Тығыз жұмыс кестелеріне қарамастан кездесуге уақыт тапқан Назарбаев пен Обама екі елдің арасындағы қарым-қатынасты талқылаған. Оған жоғары баға берген елбасы Америка президентіне жеке өзі бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.

Ал бірнеше күн бойы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында бастамалар көтерген елбасы сапарының соңында Обамамен не туралы сөйлескенін отандық тілшілерге айтып берді.

“Обама мырза, Украина мен Сирияға қатысты Ресей президентімен сөйлескендерін айтты. Ал менің 7 жыл бойы Америка басшысымен жұмысым нәтижелі болды. Елде 500 АҚШ кәсіпорны бар, құйылған инвестиция көлемі 30 миллиард доллар. Біз Американың тәуелсіздігімізді қолдап, экономикалық тұрғыда әрі қарай демей бергенін қалаймыз”, – дейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Comments are closed.