- Advertisement -

Ресей Сирияда алғашқы әуе соққысын жасады

73

- Advertisement -

pogudxti8kqtlaag8.6a4f4840Ресей Сириядағы “Ислам мемлекеті” содырлар ұйымының позициясына 30 қыркүйекте әуеден алғашқы соққысын жасағанын хабарлады.

Лондонның Адам құқықтарын қорғау бойынша сириялық орталығы бүгінгі бомбалаудан 27 адам қаза болғанын, оның ішінде 6 бала көз жұмғанын мәлімдеді. Тағы 10-ы жарақат алған.

Сәрсенбі күні Ресей парламенті президент Владимир Путиннің шетелде әскери күш қолдану туралы өтінішін қуаттаған.

Мәскеу Сирияда әуе шабуылын жасайтыны туралы ескертпені бір-ақ сағат бұрын берген. Бұл – Ресейдің 1991 жылдан бергі осы аймақтағы алғашқы әскери операциясы.

АҚШ әскерінің өкілі ресейлік әуе күштері тек Хомстың маңын емес, одан да кеңірек ауқымды нысана етіп алғанын айтты.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әуе шабуылы тек исламшыл содырлардың позициясына жасалғанын мәлімдеді. Хомс – президент Башар Асадтың батыс Сирияны бақылауында ұстауы үшін маңызды аймақ.

Егер содырлар бұл аймақты басып алса, Дамаск пен Ресейдің әскери-теңіз базасы орналасқан Латакия мен Тартус порттарын жалғап тұрған жол қиылмақ.

АҚШ бастаған коалиция бұған дейін де Ирак пен Сириядағы “Ислам мемлекеті” содырлар ұйымының позицияларын бомбалаған.

Вашингтон Сирияда тұрақтылық орнату үшін ең әуелі президент Башар Асад биліктен кетуі тиіс деп санайды. Мәскеу керісінше Асадтың режимін сақтап қалуға бейіл.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support